
Балқаш ауданы облыстың солтүстік-шығыс жағында орналасқан. 1928 жылы құрылған. Аудан аумағы 37,4 мың шаршы километрді құрайды. Ауданда 15 ауылдық округ бар. Аудан орталығы - Бақанас ауылы.
Аудан аумағында 29,8 мың адам тұрады, олардың барлығы ауылдық тұрғындар.
Климаттық жағдайы өте қатал, жоғары конинеталдық және құрғақшылық аудан климатіне тән.
Ауданда аумағы 509 мың га құрайтың Қарой қаумалы орналасқан, ол жерде қабан, сирек кездесетін құстар: тырна, бірқазан, фламинго мекендейді. Аудан аумағынан Іле өзені ағады.
Ауданның жетекші саласы – ауыл шаруашылығы. Мал шаруашылығында - етті мал өсіру, қой өсіру, табынды жылқы өсіру, егін шаруашылығында - рентабельді күріш өсіру.