GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Байланыс ақпарат
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Басқарма туралы
Онлайн қабылдау
Все материалы
02 июля 2026
Құрылтай

ҚҰРЫЛТАЙ 

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп
01 апреля 2026
Сенімге негізделген серіктестік: Алматы облысы Қытайдың 24 компаниясымен келісімшарт жасады

Бүгін Қытайда Алматы облысы мен Шэньси өңірі арасындағы сауда-экономикалық форумы өтті. Келелі кеңесті ұйымдастыруға Сиань қаласындағы ҚР Бас консулдығы ұйытқы болды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Іскерлік форум барысында Марат Сұлтанғазиев бастаған Алматы облысының делегациясы мен қытайлық компаниялар 24 меморандумға қол қойды. Екі тарап жобаларды талқылап қана қоймай, өзара сенім мен құрметке негізделген, жаңашылдыққа бағытталған келіссөздер жүргізді. Нәтижесінде көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, құрылыс, биотехнология, IT салалары бойынша құны 1 трлн теңгеден асатын бизнес жобалар тізбегі жасалды.

Марат Елеусізұлы «Қазақстан әрдайым әлемге, әріптестікке және инвестицияға ашық ел болып қала береді», – деген Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзіне сүйене отырып, бұл пікір саяси ұстаным ғана емес, стратегиялық таңдау екенін айтты.

«Қазіргі таңда біз аймаққа сенім білдіріп, маңызды жобаларды іске асыратын ірі халықаралық инвесторлармен ынтымақтастықта жұмыс істейміз. Қытай – ең ірі сауда серіктесіміз, көршіміз және көп ғасырлық досымыз. Алматы облысы Қытай Халық Республикасымен тікелей шектеседі. Бұл сауда, логистика, өнеркәсіп және трансшекаралық жобалар үшін қолайлы. Сол себепті осы форумды өткізіп отырмыз. Бұл бірлескен бастамаларды көбейтіп, қытайлық компаниялардың өңірдегі жұмысын арттырады. Бүгін «Тоқтамай жүрсең, болашақ міндетті түрде жарқын болады» деген ежелгі Қытай халқының даналығы заманауи мәнге ие болып отыр. Біз бірге алға жылжимыз. Сондықтан екі елдің жарқын болашағына сенімдіміз», – деді аймақ басшысы. Сондай-ақ Алматы облысы еліміздегі ең қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі болғандықтан инвесторлардың сенімі жоғары екенін жеткізді. Айтуынша, қазіргі уақытта жалпы құны 7,9 трлн теңге болатын (іске қосылған жобаларды есептемегенде) 259 инвестициялық жоба қолға алынған. Бұл бастамалар нәтижесінде 155 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылады. 73 жоба шетелдік инвесторлардың қатысуымен іске асуда. Олардың жалпы құны – 4,5 трлн теңге. Ал жоспарланған жұмыс орындарының саны 65 мыңнан асады. Өңірде PepsiCo, KT&G сынды трансұлттық компаниялар табысты жұмыс істеп, заманауи өндіріс орындарын дамытуда.

Соңғы үш жылда Алматы облысы мен Қытай арасындағы тауар айналымы 1 млрд АҚШ долларынан асты. Бүгінгі таңда облыста Қытай капиталының қатысуымен 143 кәсіпорын жұмыс істейді. Логистикадан бастап өнеркәсіп саласындағы ірі жобалар қолға алынған.

Облыс әкімі жаңадан салынатын Алатау қаласының құрылысына ерекше тоқталды. «Бұл жоба өңір дамуына серпін беріп, инновацияларды, заманауи қала құрылысы стандарттарын және өмір сүруге де, бизнес жүргізуге де қолайлы ортаға айналады», – деді Марат Сұлтанғазиев.

«Инвестициялар – тек капитал ғана емес, сенім мен шынайы серіктестіктің көрінісі. Сондықтан Алматы облысында жұмыс істейтін шетелдік компаниялар өңірдің әлеуетін көріп, көпжылдық жоспарын, тың жобаларын жүргізуде. Ұзақ мерзімді даму үшін инвестиция салуға дайын», – деген облыс әкімі компания өкілдерін бірігіп жұмыс істеуге шақырды.

Алдағы уақытта Алматы облысы мен ҚХР арасындағы ынтымақтастық нығайып, ауқымды инвестициялық жобалар жүзеге асырылады. Бұл өңірдің дамуына үлес қосып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп
11 марта 2026
Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталады

Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстанда 13–23 наурыз аралығында ауқымды республикалық «Nauryz Sale» акциясы басталады. Бастама отандық өндірушілерді қолдауға, ішкі сауданы ынталандыруға және ел тұрғындары мен қонақтары үшін бірыңғай мерекелік атмосфера қалыптастыруға бағытталған.

Акция кезеңінде сауда субъектілері халыққа азық-түлік және азық-түлік емес тауар топтарына 10–70 пайыз аралығында мерекелік жеңілдіктер ұсынады. Акциялық тауарлар сауда залдарында арнайы мерекелік навигация және «Nauryz» фирмалық безендіруі арқылы белгіленеді. Атап айтқанда, тақырыптық баға белгілері, брендтелген көрсеткіштер, баннерлер және басқа да POS-материалдар орналастырылып, сатып алушыларға ассортиментте оңай бағдарланып, жеңілдікпен ұсынылған тауарларды жылдам табуға мүмкіндік береді.

Акцияға ішкі сауда саласының шамамен 300 субъектісі қатысады. Олардың қатарында 140 сауда үйі мен сауда-ойын-сауық орталығы, 140 сауда желісі және 20 электрондық сауда субъектісі бар. Қатысушылар қатарында елдің ірі сауда желілері — Magnum, Small, Galmart, «Анвар», «Дина», Toimart, «Астыкжан», «Аян», Greenwich және басқалары, сондай-ақ Mega Silk Way, Keruen, Keruen City, «Аружан», «Сарыарка», Shymkent Plaza сияқты ірі сауда үйлері мен сауда-ойын-сауық орталықтары бар.

Акция аясында отандық өндірушілерді қолдауға ерекше назар аударылады. Сауда орталықтарында қазақстандық өндірушілердің өнімдері ұсынылатын арнайы сату аймақтары ұйымдастырылып, онда тауарлар нарықтағы бағадан орта есеппен 10–20 пайызға төмен бағамен сатылатын болады.

Сауда орталықтарына келушілер үшін мазмұнды интерактивті бағдарлама да қарастырылған. Елдің ірі сауда-ойын-сауық орталықтарында ұлттық нақыштағы фотозоналар ұйымдастырылады.
Серіктестік аясында Қазақстан бойынша 11 сауда нүктесі бар «Тарбие» ұлттық киім дүкені ұлттық нақыштағы киімдерді ұсынады. Келушілер оларды киіп көріп, естелікке суретке түсе алады. Мұндай аймақтарды еліміздің ірі сауда орталықтарында орналастыру жоспарланған. Атап айтқанда, Ақтаудағы SAYA Mall, Петропавлдағы Dostyk Mall, Ақтөбедегі KeruenCity, Астанадағы Keruen City Astana, Атыраудағы Infinity Mall, Түркістандағы Turan Mall, Алматыдағы Dostyk Plaza және Шымкенттегі Shymkent City Mall сауда орталықтарында ұйымдастыру көзделіп отыр.

Бұған дейін Сауда және интеграция министрлігі Қазақстанның сауда субъектілері арасында «Sauda in Digital Nauryz» республикалық конкурсының өткізілетінін жариялаған болатын. Конкурс 2026 жылғы 13–20 наурыз аралығында өтеді және сауда нысандарын мерекелік безендіруде заманауи цифрлық шешімдерді енгізуге, сондай-ақ инновациялық сервистерді дамытуға бағытталған.

Қатысушылар өз жобаларын төрт номинация бойынша ұсына алады: «Үздік цифрлық безендіру», «Үздік цифрлық құттықтау», «Жасанды интеллектті үздік пайдалану» және «Ең креативті Digital-жоба». Қатысу үшін Instagram әлеуметтік желісінде #saudadigitalnauryz хештегімен бейнеролик жариялап, Сауда және интеграция министрлігінің ресми парақшасын белгілеу қажет.

Жеңімпаздарды креатив, жасанды интеллект технологияларын қолдану, ұлттық бірегейлік, аудиторияның белсенділігі және жобаның орындалу сапасы критерийлері бойынша сараптамалық комиссия анықтайды. Конкурс қорытындысы 2026 жылғы 20 наурызда шығарылып, жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.

Ескерту: республикалық акцияға бастаманы қолдап, әлеуметтік жауапкершілік танытқан сауда субъектілері қатысады. Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша акцияға қатысушылардың тізімі қоса беріледі.

САЙЛАУ
05 марта 2026
Өзіңізді сайлаушылар тізімінен тексеріңіз

🗳 2026 жылғы 15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум өтеді.
Әрбір азамат өз пікірін білдіріп, дауыс беруге қатыса алады.
📌 Өзіңізді сайлаушылар тізімінен алдын ала тексеріңіз:

https://sailau.almobl.kz/ 

https://t.me/sailau_almobl_bot 

03 марта 2026
Алматы облысы тұрғындарының назарына!

🗳 2026 жылғы 15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум өтеді.
Әрбір азамат өз пікірін білдіріп, дауыс беруге қатыса алады.

📌 Өзіңізді сайлаушылар тізімінен алдын ала тексеріңіз:

🌐 Сайт арқылы:
1️⃣ Сілтеме арқылы өтіңіз: https://sailau.almobl.kz 
2️⃣ ЖСН енгізіңіз
3️⃣ «Тексеру» батырмасын басыңыз
4️⃣ Өз сайлау учаскеңіз туралы ақпаратпен танысыңыз

🤖 Telegram-бот арқылы:
1️⃣ Сілтеме арқылы өтіңіз: https://t.me/sailau_almobl_bot 
2️⃣ «Бастау» батырмасын басыңыз
3️⃣ ЖСН енгізіңіз
4️⃣ Сайлаушылар тізімінде бар-жоғын және сайлау учаскеңізді біліңіз

📞 Call-орталық арқылы:
109 нөміріне қоңырау шалыңыз
Қоңырау шалу тегін. Мамандар сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап береді.

✅ Тексеру бар болғаны бірнеше минутты алады.

САЙЛАУ
03 марта 2026
Референдумда дауыс беру учаскесін айқындау тәртібі

2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға дайындық шеңберінде Алматы облысында тұрғындар арасында кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылуда. Өңір тұрғындарына дауыс беру тәртібі, учаскеге тіркелу және дауыс беруге арналған есептен шығару куәлігін алу жолдары туралы жан-жақты мәлімет берілуде.

Алматы облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Мейрамгүл Айтова азаматтардың тіркелген жерінен тыс жерде дауыс беру тәртібін түсіндірді.

- «Егер азамат 15 наурыз күні өзінің тіркелген жерінен тыс жерде болса, онда 14 наурыз күні сағат 18:00-ге дейін өз учаскелік комиссиясына жазбаша өтініш беріп, жеке куәлігін көрсетуі қажет. Өтініш негізінде есептен шығару куәлігі беріледі. Бұл құжат референдум күні нақты болатын жері бойынша учаскеде дауыс беруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар есептен шығару куәлігін сенімхат арқылы өкіл де ала алады, бұл ретте сенімхатты нотариалды куәландыру талап етілмейді. Құжат жоғалған жағдайда ол қалпына келтірілмейді және телнұсқа берілмейді. Бір елді мекен шегінде басқа учаскеде дауыс беру үшін есептен шығару құжаттары берілмейді», - деді Мейрамгүл Айтова.

Референдум учаскесін қалай білуге болады?

Алматы облысының тұрғындары өздерінің дауыс беру учаскесі туралы ақпаратты нақты уақыт режимінде бірнеше тәсіл арқылы ала алады:

  • ресми веб-сервис арқылы ЖСН енгізу жолымен;

  • бірыңғай iKomek байланыс орталығы арқылы (109);

  • облыстың учаскелері көрсетілген ақпараттық-анықтамалық карта арқылы;

  • Telegram-бот арқылы.

Call-орталықтардың байланыс нөмірлері (жұмыс уақытында):

Алматы облысы – 109

Қонаев қаласы – 8 (72772) 22111

Алатау қаласы – 8 (727) 3042629

Балқаш ауданы – 8 (72773) 95496

Еңбекшіқазақ ауданы – 8 (72775) 20777

Жамбыл ауданы – 8 (72770) 22340

Іле ауданы – 8 (72752) 20892

Қарасай ауданы – 8 (72771) 29981

Кеген ауданы – 8 (72777) 21170

Райымбек ауданы – 8 (72779) 21994

Талғар ауданы – 8 (72774) 21284

Ұйғыр ауданы – 8 (72778) 21739

 

Облыс әкімдігі тұрғындарды референдумға белсенді қатысуға шақырады.

Ішкі саясат
25 февраля 2026
Алматы облысы call-орталықтарының нөмірлері

Аймақ коды (саны)

Аудан / қала атауы орыс тілінде

аудан/қала атауы қазақ тілінде

Сall-орталықтың телефоны

орналасқан жері (көше, үй)

Жауапты (аты-жөні, лауазымы, ұясы. телефон)

Ескерту

1907

Алматинская область

Алматы облысы

109

Алматы облысы, Қонаев қаласы, 3 ықшам аудан, 3

Ибрагимов Ермек Навлетжанович, «Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы» ММ «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ басшысы, 87086167360

 

1907

город Конаев

Қонаев қаласы

8 (72772) 22111

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Жамбыл көшесі, 13

Ералиева Айгерим Берикболовна, "Алматы облысы Қонаев қаласы әкімі аппараты" ММ ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы, 87715350590

 

1907

город Алатау

Алатау қаласы

8(727) 3042629

Алматы облысы, Алатау қаласы, Қоянқұс ықшамауданы, Б.Момышұлы көшесі, 157/1

Сапиев Асет Шолпанбекович, "Алматы облысы Алатау қаласы әкімі аппараты" ММ бас инспекторы, 87079280619

 

1907

Балхашский район

Балқаш ауданы

8(72773) 95496

Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, Қонаев көшесі, 64

Рахат Толғанай Нұрланбекқызы, "Алматы облысы Балқаш ауданы әкімі аппараты" ММ ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, 87474710618

 

1907

Енбекшиказахский район

Еңбекшіқазақ ауданы

8 (72775)        2 07 77

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Ж.Жабаев проспекті, 21

Жолмаганбек Жанболат Боранбайұлы, "Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппараты" ММ ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, 87071017949

 

1907

Жамбылский район

Жамбыл ауданы

8(72770) 22340

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, Абай Құнанбаев көшесі, 56

Чилдебаев Кундызби Мелисович, "Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімі аппараты"ММ ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, 87073988699 

 

1907

Илийский район

Іле ауданы

8(72752) 20892

Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Батталханов көшесі, 8

Муханова Камилла Талғатқызы, "Алматы облысы Іле ауданы әкімінің аппараты" ММ  ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, 87084857712

 

1907

Карасайский район

Қарасай ауданы

8(72771) 29981

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Абылай хан көшесі, 213

Төлегенов Берік Бейсембайұлы, "Алматы облысы Қарасай ауданы әкімінің аппараты" ММ біріңғай персоналды басқару қызметіні бөлімінің бас маманы8708 193 28 85

 

1907

Кегенский район

Кеген ауданы

8(72777) 21170

Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген ауылы, Б.Момышұлы көшесі, 19

Әбділда Жасұлан Ерланұлы, "Алматы облысы Кеген ауданы әкімінің аппараты" ММ  ұйымдастыру бөлімінің басшысы, 87086901213

 

1907

Райымбекский район

Райымбек ауданы

8 (72779) 21994

Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылы, Райымбек көшесі, 22

Бүктербаев Алмат Тұрсынұлы, "Алматы облысы Райымбек ауданы әкімінің аппараты" ММ ұйымдастыру және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің басшысы, 8771454991

 

1907

Талгарский район

Талғар ауданы

8(72774) 21284

Алматы облысы, Талғар  ауданы, Талғар қаласы, Қонаев көшесі, 65

Айтбеков Нұрбек Қайратұлы, "Алматы облысы Талғар ауданы әкімінің аппараты" ММ  ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы, 87072629617

 

1907

Уйгурский район

Ұйғыр ауданы 

8(72778) 21739

Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, Юнус Раджибаев көшесі, 75

Устембай Өмірсерік Ықыласұлы , "Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты" ММ ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімі басшысы, 87081803717 

 
Ішкі саясат
19 февраля 2026
Құрметті Алматы облысының тұрғындары!

🗳 2026 жылғы 15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум өтеді.
Әрбір азамат өз пікірін білдіріп, дауыс беруге қатыса алады.

📌 Өзіңізді сайлаушылар тізімінен алдын ала тексеріңіз:

🌐 Сайт арқылы:
1️⃣ Сілтеме арқылы өтіңіз: https://sailau.almobl.kz 
2️⃣ ЖСН енгізіңіз
3️⃣ «Тексеру» батырмасын басыңыз
4️⃣ Өз сайлау учаскеңіз туралы ақпаратпен танысыңыз

🤖 Telegram-бот арқылы:
1️⃣ Сілтеме арқылы өтіңіз: https://t.me/sailau_almobl_bot 
2️⃣ «Бастау» батырмасын басыңыз
3️⃣ ЖСН енгізіңіз
4️⃣ Сайлаушылар тізімінде бар-жоғын және сайлау учаскеңізді біліңіз

📞 Call-орталық арқылы:
109 нөміріне қоңырау шалыңыз
Қоңырау шалу тегін. Мамандар сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап береді.

✅ Тексеру бар болғаны бірнеше минутты алады.

11 октября 2025
Алматы облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кең ауқымды сенбілік өтті

Бүгін Алматы облысында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кең көлемді сенбілік өтті. Іс-шараға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, өңір тұрғындарымен бірге ағаш отырғызып, аумақтарды тазалау жұмыстарына атсалысты.

Акцияның мақсаты – халықтың экологиялық мәдениетін арттыру, елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту.

Жалпы облыс бойынша сенбілікке 67 мыңнан астам адам қатысты. Оның ішінде 10 020 мемлекеттік қызметші мен бюджеттік ұйым қызметкерлері, 18 мыңға жуық ерікті және 39 мың жергілікті тұрғын бар. Жұмысқа 134 арнайы техника бірлігі (жүк және су таситын көліктер) жұмылдырылды. Сенбілік барысында 7 мыңнан астам ағаш – тораңғы, үйеңкі, ясень және терек отырғызылып, 1243 гектардан астам аумақ тұрмыстық қалдықтан тазартылды. 823 тонна қоқыс арнайы полигондарға шығарылды.

Сенбіліктер өңірдің барлық қала мен аудандарында өтті. Тұрғындар көшелерді, саябақтар мен жағалау аймақтарын, қоғамдық орындарды тазалауға белсене қатысты. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, әкімдіктердің қызметкерлері, қоғамдық ұйымдар мен жастар қозғалыстарының өкілдері және БАҚ өкілдері қатысты.

Ерекше назарды арнайы әлеуметтік қызметтерді қажет ететін балаларды қолдау орталығының 27 тәрбиеленушісінің қатысуы аудартты. Олар педагогтарымен бірге орталық аумағына ағаш отырғызып, ағаш тұқымдарын – жиде жапырақты лох (Elaeágnus angustifólia) және Шренк шыршасын отырғызу бойынша танымдық шеберлік сабағына қатысты.

- «Маған ағаш отырғызу қатты ұнады! Біз оларды қалай күтіп-баптау керегін үйрендік. Болашақта біздің ауламыз жасыл әрі әдемі болса екен деймін», – деп әсерімен бөлісті орталықтың 11 жастағы тәрбиеленушісі Інкәр.

Облыстың кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының бастамасымен акцияға шағын және орта бизнес өкілдері, өндірістік кәсіпорындар мен коммерциялық ұйымдар да белсене қатысты.

2025 жылдың басынан бері өңірде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында абаттандыру және көгалдандыру бойынша кешенді іс-шаралар жүзеге асырылып келеді. Осы уақытқа дейін 200-ден астам сенбілік өткізіліп, оған 602 мыңнан астам адам мен 8,8 мың кәсіпорын мен ұйым қатысқан. Нәтижесінде 8,7 мың тонна қоқыс жиналып, 80 мыңға жуық көшет пен 14 мың келі ағаш тұқымы отырғызылды, 3,2 мың техника жұмылдырылды. 3 мың көпқабатты тұрғын үйдің ауласы, 55 саябақ пен сквер, 723 ескерткіш пен 1 мың әлеуметтік нысан тазартылды. Акцияларға 280 мыңнан астам оқушы қатысты.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Қонаев қаласында да кең көлемді ағаш отырғызу жалғасуда. Жалпы 300 ағаш отырғызу жоспарланған, оның ішінде 150 терек, 25 сары акация, 40 катальпа және 60 жөке ағашы бар.

Экологиялық акция еліміз бойынша өтуде. Қазақстан Республикасының Президенті де республикалық ағаш отырғызу шарасына қатысып, табиғатты сақтау ісіндегі елдің бірлігі мен ортақ жауапкершіліктің символына айналды. Мұндай бастамалар азаматтарды өз елді мекендерін көркейтуге белсенді қатысуға шабыттандырып, табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етуде.

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп
03 октября 2025
4 500 жұмыс орны және 70 млрд теңге инвестиция: Алматы облысында ең ірі логистикалық парк ашылды

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында Қазақстанның транзиттік-логистикалық әлеуетін дамыту, заманауи агрохабтар мен логистикалық орталықтар құрудың стратегиялық маңыздылығын атап өткен болатын. Бүгін Алматы облысында осы міндеттердің нақты іске асуына айқын үлгі болған маңызды оқиға орын алды – Focus Logistics (BAZIS компаниялар тобы) компаниясының «Focus Aksengir» логистикалық паркі ашылды.

Жобаға жалпы инвестиция көлемі 70 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде 2024 жылы 13 млрд теңге игерілді. Бірінші кезекте Ozon компаниясы үшін 40 775 шаршы метрді қамтитын заманауи фулфилмент-орталық салынды. Бұл бағытта оффтейк-келісім жасалған.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жаңа парк өңірдің экономикалық өсуіне серпін беретініне назар аударды: «Алматы облысы өзінің географиялық орналасуына байланысты еуразиялық көлік жүйесінің негізгі торабына айналуда. Бұл парк жаңа жұмыс орындарын ашып, шағын және орта бизнестің дамуына ықпал етіп, өңірдің инвестициялық имиджін нығайтады».

Бүгінгі күні жалпы аумағы 64 545 шаршы метр қоймалар пайдалануға берілді. Ал 2025 жылдың IV тоқсанында тағы 26 000 шаршы метр қойма іске қосылады. Болашақта А+ санатындағы 300 000 шаршы метрге дейін қойма орындарын және қуаттылығы 100 мың TEU болатын контейнер терминалын салу жоспарланған.

Жоба тікелей жұмыспен қамтуға және салық түсімдеріне әсер етеді. Тек Ozon компаниясымен серіктестіктің өзі 4 500 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Ал өңір бюджетіне жыл сайынғы қосымша түсім 5 млрд теңгеден асады.

«Бұл нысанды біз жай ғана қойма кешені емес, сауда, инвестиция және бизнестің жаңа мүмкіндіктері шоғырланатын орталық ретінде қарастырамыз. Мұнда мемлекет те, инвесторлар да, жергілікті кәсіпкерлер де ұтады», – деді «Focus Logistics» ЖШС Бас директоры Диас Ғалиев.

Логистикалық парк БАКАД, Аксенгир теміржол стансасы және Қытай, Ресей мен Орталық Азия елдеріне шығатын халықаралық көлік дәліздерімен интеграцияланған.

Сонымен қатар, BAZIS компаниясы 50 000 шаршы метр аумақтағы көтерме-тарату азық-түлік орталығын салуды, сондай-ақ 300 гектардан астам индустриялық аймақты жолдармен, инженерлік коммуникациялармен, жатақханалармен және жеке сұрыптау стансасымен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

Социальные сети
Facebook
Инстаграм
Вконтакте
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы