Меню

Страницы

Статья

Тұқым шаруашылық саласы

- ауыл шаруашылығы салаларын дамытудың басымды мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға қатысу;
- бөлім қызметкерлерінің толыққанды жұмыс жасауын ұйымдастыру, олардың жұмыстарына басшылық жасау және басқарма басшысы мен орынбасарлары тапсырған жұмыстардың сапалы және уақтылы орындауын қамтамасыз ету;
- тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
- тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
- уәкілетті органның қарауына элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының элиталық тұқымдарды өндіру мен өткізу көлемі жөнінде ұсыныстар енгізеді;
- тұқым шаруашылығы субъектілеріне және тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларға тиісті куәлік бере отырып, аттестаттауды жүргізу;
- рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
- облыс бойынша тұқымдар балансын жасау;
- ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпарат беруді қамтамасыз ету;
- «Тұқым шаруашылығы туралы» Заңның 6-1 бабының 12) тармақшасына сәйкес айқындалатын квоталар шегінде субсидиялауға жататын тұқымдарды өткізудің шекті бағасын белгілеу;
- субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбір түрі бойынша жыл сайынғы квоталарды:
тұқым шаруашылығы саласында аттестатталған әрбір субъект үшін – элиталық көшеттер бойынша келісу;
- субсидияланған бiрегей және элиталық тұқымдардың мақсатты пайдаланылуын бақылау;
- ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi тұқымдарының сұрыптық және егістік сапасына сараптама жүргiзу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
- тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспектордың ұсынысы негізінде субъектiнiң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыруға құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәлігінің қолданысын тұқымдардың сұрыптық және егістік сапаларына сараптама жүргiзу жөніндегі қызметті тоқтата тұру;
- ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымын өндіру және тұқым жаңарту жөніндегі тұқым өндіру шаруашылықтарының жұмысына бақылауға қатысу;
- селекция және тұқым шаруашылығын дамыту жөніндегі бағдарламаларды іске асыру;
- тұқым саласы бойынша стандарттарды, техникалық шарттарды, басқа да нормативтік құжаттарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
- құзыреті шегінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің сақтық және ауыспалы тұқым қорларын қалыптастыруына жәрдемдесу;
- бастапқы элиталық тұқым шаруашылығын жүргізу және ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын жаппай көбейту схемалары мен әдістері бойынша ұсыныстар енгізу;
Дата публикации
08 июня 2020
Дата обновления
08 июня 2020
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
30 марта 2024
Байкент ауылы, Ворошиловское су қоймасы бөгетінің бұзылғаны туралы
Ақпарат
04 марта 2024
Алматы облысының жедел штабынан маңызды хабарлама!
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Facebook
Инстаграм
Вконтакте

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы