1) ауыл шаруашылығы салаларын дамытудың басымды мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға қатысу;
2) агроөнеркәсіп кешеніндегі реформаларды тереңдетуді, жетілдіруге, шаруашылық жүргізудің әртүрлі үлгілерін дамытуға қатысу;
3) егін шаруашылығы саласындағы басымды бағыттарды анықтау, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің озат технологияларын енгізуге ықпал ету;
4) ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруде алдыңғы қатарлы технологиялармен шетелдік озық тәжірибені енгізуге ықпал ету;
5) ауыл шаруашылығы жұмыстарын өткізуде әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету;
6) астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау;
7) бекітілген кестеге сәйкес жаңа егіннің астығын қабылдауға дайындығы тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарын жыл сайынғы айқындауды жүзеге асыру;
8) астық қабылдау кәсіпорындары зерттеп-тексеру актілерін ресімдеуді қамтитын бақылауды жүргізу;
9) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тұтастай немесе жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлігінде алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұру;
10) әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінде астық нарығын мониторингтеуді жүзеге асыру;
11) астық қабылдау кәсіпорындарының: Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу; астықты сақтау; астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және оларды өтеу қағидаларын сақтауын бақылау;
12) өсімдіктерді қорғау саласында халық арасында түсіндіру жұмысын ұйымдастыру мен жүргізу, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға зиянды организмдер бойынша фитосанитариялық мониторинг жүргізу жөнінде әдістемелік көмек көрсету;
13) өсімдіктерді қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілер және фитосанитариялық іс-шаралар туралы мүдделі адамдарға ақпарат беруді ұйымдастыру;
14) пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), өткізу және қолдану жөніндегі қызметті лицензиялау;
15) ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіру мен өндірудің технологиясын олардың көлемі мен сапасын сақтауды қамтамасыз етеді;
16) ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруға қатысады;
17) тиісті кәсіпорындар мен мекемелермен бірлесе отырып астық қорларының мемлекеттік балансын жасауға қатысу;
18) облыстың ауыл шаруашылығында мемлекеттік және мемлекеттік емес кешенінің ара қарым - қатынас әрекетінің механизмін жасау;
19) ауыл шаруашылығын дамытуға мемлекеттік жағынан қолдау мен көмек көрсету жөніндегі ұсыныстар дайындауды қамтамасыз ету;
20) минералды тыңайтқыштар мен гербицидтерді субсидиялау бағдарламасы бойынша белгіленген нормативтерге сәйкес субсидия беру;
21) Карантинді объектілердің таралуының есебін жүргізеді және уәкілетті орган мен мүдделі тұлғаларға ақпарат береді;
22) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
23) мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау объектілерінде осы объектілердің иелері – жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуін ұйымдастырады;
24) уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша тиiстi аумақтарда карантиндiк режимдi енгiзе отырып, карантиндi аймақты белгiлеу немесе оның күшiн жою туралы шешiм қабылдайды;
25) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
26) қайта өңдеу, терең өңдеу және инвестициялық субсидиялау жөнінде түсіндірме жұмыстарын насихаттау;
27) агроөнеркәсіп кешеніндегі егін шаруашылығы саласы бойынша инвестиция жобаларды іске асыруға ықпал ету;
28) техникалық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету;
29) ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз ету.