- ауыл шаруашылығы салаларын дамытудың басымды мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға қатысу;
- агроөнеркәсіп кешеніндегі реформаларды тереңдетуді, жетілдіруге, шаруашылық жүргізудің әртүрлі үлгілерін дамытуға қатысу;
- нарықтық жағдайда ауыл шаруашылығы өндірісі субъектілерінің жұмыс істеуіне қажетті экономикалық баға механизмін жетілдіру жөнінде жоғарғы органдардың жасаған бағдарламаларын жүзеге асыру;
- облыстың ішкі тұтымын қанағаттандырып және облыстан тысқары жерлерге шығару үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мен өндіру қарқынын күшейту жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асыру;
- ауыл шаруашылығы бойынша шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі бөлімге тиісті жұмыстарға байланысты іс – шаралар қолдану;
- ҚР 2013-2020 жылдары агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18.02.2013ж. №151 қаулысын іс жүзіне асыруға бағытталған «Қайта өңдеуші саласын дамыту» Мастер-планында қойылған міндеттерді жүзеге асыру жұмыстарын жүргізу - маркетингтік зерттеулер жүргізу (ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен сату жөнінде);
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 486 қаулысына сәйкес «Ауылшаруашылығы өнімдерін сатып алып оны терең өңдеуде қайта өңдеу кәсіпорындарының жұмсаған шығындарын субсидиялау қағидаларын», 049-ші бағдарламасының орындалуын бақылауда ұстап, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 24.04.2014 ж. №421 қаулысына сәйкес «Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау қағидаларын», 050-ші бағдарламасының орындалуын бақылауда ұстап ауыл шаруашылығы бойынша шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі бөлімге тиісті жұмыстарға байланысты іс – шаралар қолдану, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу.
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 15мамырындағы №900 Қаулысындағы «Агроөнеркәсіп кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау», 051-ші бағдарламасының орындалуын бақылауда ұстап, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді, сараптамалық есебін жүргізеді;
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы №9-3/278 бұйрығымен бекітілген, «Агроөнеркәсіптік кешені саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығының сомасын субсидиялау» 054-ші бағдарламасының орындалуын бақылауда ұстап, ірі қайта өңдеу кәсіпорындары немесе дайындаушы бизнес қызықтыратындар дайындаушы ұйымдарды құрып, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу;
- «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде 228-ші бюджеттік бағдарламасының 101-ші «Инвестициялық салыным кезіндегі агроөнеркәсіп кешен субъектілері көтерген шығындардың бөлігін өтеу» және 102-ші «Агроөнеркәсіп кешен субъектілерінің қарыздарын сауықтыру және сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» орындалуын бақылауда ұстап, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу - аграрлық секторды басқаруда жаңа жүйелерді енгізу;
- «Қайта өңдеуші саласын дамыту» Мастер-планында қойылған міндеттерді жүзеге асыру жұмыстарын жүргізу - ауыл шаруашылығындағы баға саясатын сақтауды бақылауға ықпал ету;
- ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін оңтайлы жағдай жасауға және қаржы, несие, салық және кеден саясатын жақсартуға ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің мүддесін қорғауға бағытталған белгілі тәртіпте ұсыныс енгізу;
- облыстың әрбір аймақтарында азық-түлікпен қамтамасыз етуде азық-түлік өндірісін көбейту жөніндегі бағдарламаны жасап ұсыныстар енгізу және әрбір өндірістік потенциалды тиімді пайдалану мүмкіндіктеріне жағдай жасау;
- қайта өңдеу өнеркәсібін дамытудың перспективалық жоспарын жасауға қатысу;
- ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарында алдыңғы қатарлы технологиялармен шетелдік озық тәжірибені енгізуге ықпал ету;
- Ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындайтын, сақтайтын, өңдейтін ауылдық тұтыну кооперативтерін және өндірістік кооперативтерін құру жұмыстарын ұйымдастыру;
- Өңдеу кәсіпорындарына инвестиция тарту көздерін қарастыру және инвестициялық жобалардың қаржыландырылуын бақылауда ұстау;
- Инвестициялық жобалардың есебін жүргізіп, осы жобалар бойынша мәлімет дайындап, республикалық, аймақтық индустриализациялау картасына енген жобаларды интернеттегі порталға кіргізу;
- Облыстағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін цехтардың, зауыттардың, комбинаттардың өндірген өнім көлемінің есебін әр тоқсан сайын жинақтап, сараптама жасау;
- Өңдеу кәсіпорындарының халықаралық стандарттардың талабына сай сапа сертификатын алуларына ықпал ету;
- Облыстың астық және ұнмен қамтамасыз етілуін бақылауда ұстау;
- Өңдеу саласын дамыту үшін ғылыми зерттеу институттарының ғалымдарына ұсыныс беріп, бағдарлама жасау, оны өндіріске енгізуге жұмыс ұйымдастыру;
- Облыстың әр ауданында өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің өткізу жолдарын қарастыру;
- Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласы бойынша жасалынған меморандум.