Органикалық өнім өндіруші құрылымдар
Облыс аумағында органикалық өнім өндіретін сертификатталған ауыл шаруашылығы құрылымдары жұмыс жүргізіп жатқанын хабарлайды. Олар, «Байсерке Агро» ЖШС (Талғар ауданы)- сүтті-етті бағыттағы асыл тұқымды мал шаруашылығы, етті қайта өңдеу, сүт өнімдерін өндіреді. Канада мемлекетінен 770 бас голштин тұқымды жоғары өнімді сүтті асыл тұқымды сиырлар әкелінді. Сүт кешені шведтік "ДеЛаваль" компаниясының жаңа технологиясымен жабдықталған. 1 сиырдан орташа сауу күніне 25-30 кг құрайды.
«Динара Ранч» ЖШС (Балқаш ауданы)- сүтті-етті бағыттағы асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысады. Нидерланды мемлекетінен 1500 бас голштин асыл тұқымды ірі қара малын сатып алып келіп, Ирландия мемлекетінің қазіргі заманға сай «Dairymaster» компаниясының сүт сауатын қондырғылары орнатылған (күніне 30 тонна сүт алынады, 1500 бас сиырды сауу үшін 13 оператор қызмет көрсетеді).