Қазіргі уақытта «ҚазАгроҚаржы» АҚ ауыл шаруашылығы тауарөндірушілеріне ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға ерекше мүмкіндіктер ұсынуда. Бұл бастама ауыл шаруашылығын қолдауға және техникалық жабдықталуын жақсартуға бағытталған.
Сонымен қатар, басқарма тарапынан "Басым ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарын сатып алу" жобасының паспорты аясында инвестициялық салымдарды 30%-ға дейін өтеу қарастырылған, яғни сіздің техника мен жабдықтарға жұмсаған қаражатыңыздың үштен бірі мемлекет тарапынан өтелетін болады.
Бұл шара ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін үлкен көмек болып табылады, себебі ол жаңа техниканы сатып алуды жеңілдетіп қана қоймай, өндірістік шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Жобаға қатысу арқылы өз өндірісіңізді жаңғыртып, өнімділікті арттыра аласыз.