Алматы облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларын бекіту туралы

                                                                                                                             ЖОБА

Алматы облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларын бекіту туралы

  "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 2-2-тармағына, 7-бабы 4-тармағына, «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20540 тіркелген)  Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 145 бұйрығының 2 тармағына сәйкес Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған Алматы облысының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидалары бекітілсін.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына және Алматы облыстық мәслихатының аграрлық сала, жер қатынастары, экология және ветеринария  мәселелері бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Алматы облыстық мәслихаты

сессиясының төрағасы

_____________

Алматы облыстық мәслихатының хатшысы

 

__________

 

 

 

Алматы облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларын бекіту туралы
Дата публикации
21 сентября 2020