2022 жылға пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) тізбесі мен субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) арналған субсидиялар көлемдерін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Құқықтық актілер туралы»Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына,«Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы30 наурыздағы № 107 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығының 78-тармағының     4-тармақшасына(Нормативтікқұқықтықактілердімемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 тіркелген) сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Қоса беріліп отырған:

1) 2022 жылға субсидияланатын пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) тізбесі және пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) 1 литріне (килограмына, грамына, данасына) арналған субсидиялар нормаларыосы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;

2)2022 жылға пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) арналған субсидиялар көлемдері осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

  1. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының Қазақстан РеспубликасыӘділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары С. Тұрдалиевке жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Облыс әкімі

 

Қ. Бозымбаев

 

 

 

 

Дата публикации
11 мая 2022