Алматы облысы бойынша 2022 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды
субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-
өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан
Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы No
107 «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды
субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық
актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде No 20209 тіркелген) сәйкес Алматы
облысының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы облысы бойынша 2022
жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет
қаражатының көлемі субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша
бекітілсін.
2. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік
мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Алматы облысы әкімдігінің
интернет-ресурсында орналастырылуын;
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің
орынбасары Ә. Жақанбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы облысының әкімі К. Бозумбаев