2022 жылға арналған басым дақылдар тiзбесі және субсидия нормаларын, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемінбекіту туралы

ЖОБА

2022 жылға арналған басым дақылдар тiзбесі және субсидия нормаларын, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемінбекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына,«Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы30 наурыздағы № 107 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығының 14-тармағына (Нормативтікқұқықтықактілердімемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 тіркелген) сәйкесАлматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Қоса беріліп отырған:

1) 2022 жылға арналған басым дақылдар тізбесі осы қаулының                 1-қосымшасына сәйкес;

2) 2022 жылға арналған өсімдік шаруашылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес;

3) 2022 жылға арналған басым дақылдарға арналған субсидиялар нормалары осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

  1. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары Ә. Жақанбаевқа жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыс әкімі

 

Қ. Бозымбаев

 

Дата публикации
28 марта 2022