2022 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы

 

     

                                                                                              жоба

 

2022 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан  Республикасы  Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы           30 наурыздағы № 107 «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде                         № 20209 тіркелген) сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының   қосымшасына    сәйкес   Алматы   облысы   бойынша

2022 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемі субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша бекітілсін.

  1. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары С. Тұрдалиевке жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Алматы облысының әкімі

 

                 Қ. Бозымбаев

 

     

 

Алматы облысы әкімдігінің қаулысына қосымша

 

 

   Алматы облысы бойынша 2022 жылға тұқым шаруашылығын

 дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемі

субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша

 

 

мыңтеңге

Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға

қажет етілетін ақшалай қаражат

соның ішінде:

бірегей тұқым-дар

элита-лық тұқым-дар

бірінші репродук-ция тұқым-дары

бірінші ұрпақ будан-дарының тұқымда-ры

 

элита-лық көшет-тер

 

қызанақ, қияр

1 591 769,0

529,4

38 360,1

39 808,0

749 006,9

732 159,3

31 905,2

                                                                                                                                                           

Дата публикации
17 января 2022