2021 жылға арналған тыңайтқыштартізбесі мен субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарға арналған субсидиялар көлемдерін бекіту туралы

Алматы

облысының

әкімдігі

 

қаулы

 

 

акимат

алматинской

области

 

постановление

 

 

___________________________________

Талдықорған қаласы

                         №__________________________________

                   город Талдыкорган

 

       

 2021 жылға арналған тыңайтқыштартізбесі мен субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарға арналған субсидиялар көлемдерін бекіту туралы

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 тіркелген) сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Қоса беріліп отырған:

1) 2021 жылға арналған тыңайтқыштар (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) тізбесі мен субсидиялар нормалары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;

2) 2021 жылға арналған тыңайтқыштарға (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) арналған субсидиялар көлемдері осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

  1. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары С. Тұрдалиевке жүктелсін.
  2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Облыс әкімі

 

А. Баталов

 

 

 

 

 

 

Об утверждении перечня и норм субсидий на удобрения, а также объемы субсидий на удобрения на 2021 год
Дата публикации
12 апреля 2021