ЖОБА
2021 жылға арналған басым дақылдар тiзбесі және субсидия нормаларын, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына,«Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы30 наурыздағы № 107 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығының 14-тармағына (Нормативтікқұқықтықактілердімемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 тіркелген) сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Қоса беріліп отырған:
1) 2021 жылға арналған басым дақылдар тізбесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;
2) 2021 жылға арналған өсімдік шаруашылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес;
3) 2021 жылға арналған басым дақылдарға арналған субсидиялар нормалары осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
1) осы қаулының Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Алматы облысының әкімі |
|
А.Баталов |
|
Алматы облысы әкімдігінің 2021 жылғы «___» ______ №____қаулысымен бекітілген 1-қосымша |
2021 жылға арналған басым дақылдар тізбесі
|
№ р/с |
Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың атауы |
|
1 |
Қант қызылшасы |
|
2 |
Жүгері |
|
Алматы облысы әкімдігінің 2021 жылғы «___» ______ №____қаулысымен бекітілген 2-қосымша |
2021 жылға арналған өсімдік шаруашылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі
|
№ р/с |
Облыс атауы |
Бюджеттік субсидияның көлемі, теңге |
|
1 |
Алматы облысы |
4 620 000 000,0 |
|
|
Барлығы |
4 620 000 000,0 |
|
Алматы облысы әкімдігінің 2021 жылғы «___» ______ №____қаулысымен бекітілген 3-қосымша |
2021 жылға арналған басым дақылдардың субсидиялар нормалары
|
№ р/с |
Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың атауы |
1 тоннаға арналған бюджеттік субсидияның нормасы, теңге |
|
1 |
Қант қызылшасы |
12 000,0 |
|
2 |
Жүгері |
6 000,0 |