Облыс аумағында карантиндікрежимді енгізе отырып, карантиндікаймақты белгілеу туралы

                                                                                                                                       ЖОБА

 Облыс аумағында карантиндікрежимді енгізе отырып, карантиндікаймақты белгілеу туралы

  «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына сәйкес Алматы облысының  әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Карантиндік объектілердің түрлері бойынша жалпы көлемі 8505,323гектар жерге аудандар (қалалар) бөлінісінде карантиндік режимді енгізе отырып, қосымшаға сәйкес облыс аумағында карантиндік аймақ белгіленсін.
  2. Алматы облысы әкімдігінің «Облыс аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы» 2020 жылғы 9сәуірдегі № 155 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5453 тіркелген, 2020 жылдың 10сәуіріндеҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  3. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

         1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

         2) осы қаулыны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастыруын;

         3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1) және 2)тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары С. Тұрдалиевқа жүктелсін.
  2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыс әкімі

 

А. Баталов

 

                                                                                             

Қаулы
Дата публикации
29 января 2021