Жоба

                                                                                                                 ЖОБА

2021 жылға арналған тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарға арналған субсидиялар көлемдерін бекіту туралы

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына,«Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы      30 наурыздағы № 107 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығының 63-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 тіркелген) сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Қоса беріліп отырған:

1) 2021 жылға арналған тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормалары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;

2) 2021 жылға арналған тыңайтқыштарға арналған субсидиялар көлемдері осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

  1. Алматы облысы әкімдігінің «Тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 4 мамырындағы № 193 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5518 тіркелген, 2020 жылдың 6 мамырында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  2. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1)  және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары С. Тұрдалиевке жүктелсін.
  2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Алматы облысының әкімі

 

А.Баталов

 

 

 

 

 

 

                                                                                                   

Жоба
Дата публикации
14 января 2021