Жоба

                                                                                                      ЖОБА

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал

 шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру бойынша

субсидиялар көлемдерін бекіту туралы

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы  Заңының 37-бабының 1-тармағына, «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы»2019 жылғы 15 наурыздағы № 108                      Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрініңбұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 тіркелген) сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығының өнiмдiлiгi мен өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттарыбойынша субсидиялар көлемдерін осы қаулының 1-қосымшаcына сәйкесбекітілсін.
  2. Осы қаулының 2қосымшасына сәйкес Алматы облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
  3. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

         1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

         2) осы қаулыны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында оныңресми жарияланғаннан кейін орналастыруын;

         3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары С. Тұрдалиевке жүктелсін.
  2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Алматы

облысының әкімі      А. Баталов

 

Жоба
Дата публикации
14 января 2021