Алматы облысының
әкімі А.Ғ. Баталовқа
2020 жылғы 07 желтоқсандағы
№ 31 хаттамаға
4.5 – тармақ
Мал бордақылау алаңдарын және сүтті-тауарлы фермаларын салу бойынша жоспарларды орындау.
Қазіргі уақытта облыста қуаттылығы 70,5 мың басқа арналған 109 бордақылау алаңы бар. Жыл басынан қуаттылығы 940 басқа арналған 6 бордақылау алаңы іске қосылды (Көксу ауданындағы «Сұлтан» ШҚ 200 бас, «Ахмет К» ШҚ 200 басқа, «Нұрлан» ШҚ 70 басқа, Сарқан ауданындағы «Байдаулетова» ЖК 150 басқа және «Абылқасымов Б.» ШҚ 120 басқа, «Оразбай Б.» ШҚ 200 басқа).
Бүгінгі күнге қуаттылығы 25,7 мың бас болатын 82 тауарлы-сүт фермасы бар. Жыл басынан қуаттылығы 2 400 басқа арналған 6 тауарлы сүт фермасы іске қосылды (Қаратал ауданындағы «Қарабасова» ШҚ 50 басқа, Іле ауданындағы «Ақсүт LLC» ЖШС 1200 басқа және «Фирма Апрель» ЖШС 50 басқа, Еңбекшіқазақ ауданындағы «Садыхан» ШҚ 50 басқа және «Қартбаев» ШҚ 50 басқа, Панфилов ауданындағы «Көктал Агро» ЖШС 1000 басқа).
4.6 – тармақ
2020 жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде ирригациялық нысандарды қайта қалпына келтіру жобаларын іске асыру бойынша шаралар қабылдасын.
Ағымдағы жылы жұмыспен қамтудың жол картасы аясында Қаратал өзеніндегі Қаратал бөгетін (729,1 млн. теңге) және Көксу өзеніндегі Көксу бөгетін қалпына келтіру (484,1 млн. теңге), Алматы облысы Панфилов ауданы Өсек өзеніндегі гидроторапты (330,7 млн. теңге) және Талдықорған қаласының суару жүйелерін қайта жаңғырту (1674,0 млн. теңге) жұмыстары басталды.
Бүгінгі күні бөлінген қаражаттың 80% -дан астамы игерілді (Қаратал бөгеті – 586,7 млн. теңге, Көксу бөгеті – 392,9 млн. теңге, Өсек өзеніндегі гидроторапты қайта жаңғырту – 236,5 млн. теңге, Талдықорған қаласының суару жүйелерін қайта жаңғырту – 837,6 млн.теңге).
Қаратал өзеніндегі Қаратал бөгетін және Көксу өзеніндегі Көксу бөгетін қалпына келтіру жұмыстары жобаларын әзірлеуші «Қазсушар» РМК, бас мердігер: Темірбетон ЖШС, Алматы облысы Панфилов ауданы Өсек өзеніндегі гидроторапты қайта жаңғырту жұмыс жобасын әзірлеуші «Қазсушар» РМК, бас мердігер «Азамат құрылыс» ЖШС және Талдықорған қаласының суару жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстары жобасын әзірлеуші «Аспект строй» ЖШС, бас мердігер «Монолит» ЖШС. Тапсырыс беруші Алматы облысының құрылыс басқармасы.
Жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында жоғарыда аталған жобаларда бірқатар кемшіліктер анықталды. Жұмысты сапалы орындау және бюджет қаражатын ұтымды пайдалану мақсатында жұмыс жобаларына түзету енгізу туралы шешім қабылданды.
Қазіргі уақытта нысандарды комиссиялық тексеру жүргізілуде. Жұмыс жобаларына түзету енгізіліп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін қайта жаңғырту жұмыстарын аяқтау үшін қаржы бөлу жөнінде бюджеттік өтінім берілетін болады.
4.7 – тармақ
ІҚМ етінің экспорты бойынша жоспарлы көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету.
Барлығы 3 387,2 тонна ет экспортталды, соның ішінде сиыр еті – 754 тонна, қой еті – 2,8 тонна, жылқы - 0,3 тонна, құс еті - 2 630,1 тонна.
Облыс бойынша сиыр етін экспорттау жоспары 2 200 тонна. Бүгінгі күні 754 тонна ет Қытай Халық Республикасына және Вьетнам мемлекетіне экспортталды.
4.8– тармақ
"Еңбек" бағдарламасы шеңберінде облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге микрокредиттер беру жөніндегі жұмыстарды жеделдету.
Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының 2-ші бағыты бойынша әкімшілік органы болып табылады, аталған бағытқа
2020 жылы бюджеттен 4612,1 млн.теңге қаражат бөлінді, оның ішінде:
- республикалық бюджеттен несиелендіруге - 4138,2 млн.теңге (037 бағдарлама);
-жергілікті бюджеттен-413,8 млн.теңге;
- шағын несиелерді кепілдендіруге - 50,0 млн.теңге (060 бағдарлама);
- микроқаржы ұйымдарының операциялық шығындарын субсидиялауға -10,0 млн.теңге (061 бағдарлама).
Ағымдағы жылдың 14 желтоқсанына бюджеттен аталған бағдарламасының шеңберінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы – 2904,6 млн. теңгеге 782 өтінім мақұлданды, 2731,2 млн. теңгеге 736 өтінім берушіге несие берілді (100%).
Сонымен қатар, 14 желтоқсанына бюджеттен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-мы арқылы-1846,3 млн.теңгеге 309 өтінім мақұлданды, 1714,1 млн.теңгеге 282 өтінім берушіге несие берілді (94,1%).
2020 жылдың 14 желтоқсанына «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» және «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы арқылы несие беру нәтижесінде мал шаруашылығы бағыты бойынша (8269 бас ірі қара мал, 12673 ұсақ мал, 898 бас жылқы, 129 бас бұқа, 800 бас тауық балапандар, 80 бас күркетауық, 50 бас шошқа сатып алынды).
Бүгінге күнге 1288 жаңа жұмыс орын құрылды.
Ағымдағы жылдың 19 қарашасына «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-мы филиалы бойынша толық көлемде игерілді.
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-мы филиалы бойынша толық игеру ағымдағы жылдың 15 желтоқсанына дейін жүргізіледі.
Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда және тұрақты бақылауда.
4.9 – тармақ
ҚР ЭГТРМ Су ресурстары комитетімен Ислам даму банкі есебінен Ескелді ауданының суару желілерін қайта жаңартуды аяқтау мәселесін пысықтасын.
Ағымдағы жылдың 10 желтоқсанында Алматы облысы әкімінің орынбасары С. Тұрдалиевтің және мүдделі тараптардың қатысуымен Ислам Даму Банкінің (ИДБ) қаражаты есебінен қаржыландырылатын «Алматы облысы Ескелді ауданының суару желілерін қайта жаңғырту» нысаны бойынша жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында 2021 жылдың суару науқаны басталғанға дейін құрылыс жұмыстарын аяқтау, сондай-ақ қысқа мерзімде түзетілген жобаны мемлекеттік сараптамаға өткізу тапсырылды.
4.10 – тармақ
АӨК және жер қатынастарын одан әрі цифрландыру бойынша ұсыныстар енгізу.
Цифрлық форматқа көшу деректерінің өңдеу мерзімдерін едәуір жылдамдату, қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін, арнайы техниканың, техникалық құжаттамасын (техпаспорт, тракторшы-машинист куәлігі) цифрландырудың пилоттық жобасын енгізуді ұсынамыз.