Алатау қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 5 шілдесінде №02-13/5 «Қалалық бюджет комиссиясын құру туралы» қаулысымен құрылып, комиссияның Ережесі бекітілді.
Комиссия құрамына комиссия төрағасы, төраға орынбасары, комиссияның 13 мүшесі, комиссия хатшысы кіреді. Комиссия төрағасы – Алатау қаласының әкімі, төраға орынбасары Алатау қаласы әкімінің экономика және бюджеттік жоспарлау саласына жетекішілік жасайтын орынбасары. Комиссия мүшелері – қала әкімінің орынбасарлары,2025 жылдың қаңтар-маусым айларында комиссияның 3 отырысы өтті. Комиссия отырыстарында Алатау қаласының 2025 жылға арналған бюджеттерін түзету, нақтылау, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің 2025-2026 жылдарға арналған бюджет шығыстарының лимиттерін айқындау, бюджеттік өтінімдерін қарау қорытындылары қаралды.