Алматы облысы Алатау қаласының аумақтық
сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
Алматы облысы Алатау қаласының аумақтық сайлау комиссиясы Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясының «№ 3 және № 15 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Алматы облыстық мәслихатының шығып қалған депутатарының орнына сайлауды тағайындау» 2024 жылғы 11 қазандағы № 46 қаулысына сәйкес 2024 жылғы 8 желтоқсанда Алатау қаласынан Алматы облыстық мәслихатының шығып қалған депутаттың орнына сайлау өтетінін хабарлайды. Сайлау бірмандаттық № 3 сайлау округі бойынша өтеді.
Шығып қалған депутаттардың орнына мәслихаттар депутаттарын сайлау «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-бабының 3-1-тармағында көзделген.
Сайлау іс-шараларын өткізу мерзімдерін облыстық аумақтық сайлау комиссиясы айқындайды.
Алдағы уақытта болатын сайлау туралы толығырақ ақпаратты облыстық және аудандық аумақтық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларынан алуға болады.