Алатау қаласы 2025 жылғы 26 қараша
«Алатау қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Аппарат) басшысының 2025 жылғы 14 қарашадағы №52-ө бұйрығы негізінде, Аппараттың 2024 жылғы жұмыс кезеңін қамтитын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Талдау екі бағыт бойынша жүргізілді:
1) нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
I. Талдау бойынша жалпы қорытындылар
1. Нормативтік құқықтық актілердегі тәуекелдерді анықтау:
Талдау барысында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және Аппарат туралы Ережеде қызметке қатысты сыбайлас жемқорлық туғызатын нормалар, коллизиялар немесе олқылықтар анықталған жоқ. Аппараттың қызметі қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі тәуекелдерді анықтау:
Талдау барысында лауазымды тұлғалардың жеке мүдделілігі, мүдделер қақтығысы, үлестестігі (аффилиирленуі) немесе конкурстық рәсімдерді өткізу кезіндегі бұзушылық фактілері анықталған жоқ.
Негізгі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері ұйымдастырушылық-басқарушылық құжаттамада (бөлімдер туралы Ережелер және Қызметтік нұсқаулықтар) анықталды және келесі жүйелік кемшіліктермен байланысты:
Маңызды салаларда (кадрлық шешімдер, мемлекеттік сатып алулар) басшылар мен мамандар арасындағы функциялардың негізсіз қайталануы (көшірмеленуі).
Басқа жергілікті атқарушы органдарға (ЖАО) тексеру жүргізуге және міндетті тапсырмалар беруге құқық беретін бақылау және инспекторлық өкілеттіктердің шамадан тыс шоғырлануы, бұл қысым көрсету тетігін туғызады.
Бөлімшелерге бейінді емес міндеттерді жүктеу (мысалы, Ұйымдастырушылық/әлеуметтік функцияларды Заң бөліміне, техникалық қауіпсіздікті кадр немесе ұйымдастыру бөліміне жүктеу).
1. Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі және Қаржы-шаруашылық бөлімі.
Тәуекелдер негізгі функциялардың (конкурстар, мемлекеттік сатып алулар) басшы мен бас маман арасында толық қайталануынан туындаған, бұл жеке жауапкершілікті төмендетеді және сыбайлас келісімге жағдай жасайды.
Қабылданған шаралар: Функционал қатаң түрде бөлінеді:
басшыға - үйлестіру және стратегиялық бақылау;
маманға - жедел орындау. Шамадан тыс өкілеттіктер алынып тасталады.
2. Бақылау-қамтамасыз етуші бөлімдер (Ұйымдастырушылық жұмыс, Өтініштер, Заң бөлімі).
Тәуекелдер бөлім қызметкерлеріне басқа мемлекеттік мекемелердің қызметіне араласуға мүмкіндік беретін шамадан тыс дискрециялық өкілеттіктермен (тексеру жүргізу, міндетті тапсырмалар беру, жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізу құқығы) байланысты.
Қабылданған шаралар:
Бұл шамадан тыс өкілеттіктер Ережелер мен Қызметтік нұсқаулықтардан алынып тасталады. Бақылау тікелей араласу құқығынсыз, тек «мониторинг» және «талдау» деңгейіндегі басшылықты хабардар етумен шектеледі. Сонымен қатар, бейінді емес функциялар (КЖК-ны ұйымдастыру, экономикалық бағдарламаларды әзірлеу, ҚШҚ құжаттарымен жұмыс істеу) алынып тасталады.
III. Қорытынды бөлім
Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша Іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді.
Жоғарыда баяндалғандар негізінде, талдау нәтижелері Аппарат басшысына шешім қабылдау және Іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылау үшін жолданды.
Танысуға арналған Қосымшалар:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдардың тізбесі
(1-қосымша).
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары (2-қосымша).