Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелері мен өзге де жылжымайтын мүліктерді мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

 

«Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 37 бабын, Қазақстан Республикасы  «Жер кодексінің»  84-89 баптарын, «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 6 тарауын,  «Алатау қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль  жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 22 қыркүйектегі № 01-11-17/83 хатын және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алатау қаласы бойынша филиалының алдын ала әзірлеген жер учаскелерінің бөлінісіндегі тізбесін (экспликация) негізге ала отырып, Алатау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

         1. Алматы облысы, Алатау қаласы, Ынтымақ шағын ауданы, Әл-Фараби көшесінен ҮАААЖ-ға дейін, инженерлік желілермен жол құрылысы үшін, жалпы көлемі 4,8582 га, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару жұмыстары жер учаскесінің бөлінісіндегі тізбесіне (экспликация) сәйкес басталсын.

  1. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2027 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленсін.
  2. Меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жүгінетін орыны Алатау қаласы, Қоянқұс ауылы, Б.Момышұлы көшесі, №157/1 мекен-жайы болып белгіленсін.
  3. Алатау қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алатау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсы мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  4. «Алатау қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

1) меншік иелері мен жер пайдаланушыларды заңнамамен белгіленген тәртіпте жер учаскелерінің мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп алу туралы хабардар етуді қамтамасыз етсін;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де  қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алатау қаласы әкімінің салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

Дата публикации
02 октября 2025