Алатау қаласының салық салу объектілерінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының  «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 529 – бабының 6-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алатау қаласының салық салу объектілерінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффиценттері бекітілсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

         3. Осы қаулы 2025 жылдың 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
05 сентября 2025