Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелері мен өзге де жылжымайтын мүліктерді мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

«Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабын, Қазақстан Республикасы «Жер Кодексінің»  84-89 бабтарын, «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының               6 тарауын, «Алматы қаласы мәдениет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 16 мамырдағы №03.4-12/46090СЛ,1 хаты мен «Алатау қаласының сәулет және қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 22 қаңтардағы №44 жер учаскесінің жер таңдау актісін негізге ала отырып, Алатау қаласының әкімдігі              ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

         1.  Алатау қаласының бас жоспары мен даму жобасын орындау мақсатында, хайуанаттар бағына қызмет көрсету үшін, Алатау қаласы аумағында орналасқан кадастрлық нөмірі 03-046-221-519 көлемі 133,0000 га жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару жұмыстары басталсын.

  1. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2027 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленсін.
  2. Меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жүгінетін орыны Алатау қаласы, Қоянқұс ауылы, Б.Момышұлы көшесі, №157/1 мекен-жайы болып белгіленсін.
  3. Алатау қаласы әкімінің аппараты осы қаулы қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алатау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсы мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  4. «Алатау қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

1) меншік иелері мен жер пайдаланушыларды заңнамамен белгіленген тәртіпте жер учаскелерінің мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп алу туралы хабардар етуді қамтамасыз етсін;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де  қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алатау қаласы әкімінің салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

Дата публикации
21 августа 2025