Алматы облысы, Алатау қаласы әкімдігінің
2025 жылғы 22 мамырдағы №217
«Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелері
мен өзге де жылжымайтын мүліктерді
мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы
туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптары, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65 бабы, «Алатау қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 13 тамыздағы №01-11-17/68 хаты және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алатау қаласы бойынша филиалының алдын ала әзірлеген жер учаскелерінің бөлінісіндегі тізбесін (экспликация) негізге ала отырып, Алматы облысы Алатау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Алматы облысы, Алатау қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 22 мамырдағы №217 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелері мен өзге де жылжымайтын мүліктерді мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» қаулысының 1-тармағындағы «жалпы көлемі 1,3740 га» деген сөз, «жалпы көлемі 0,1572 га» деген сөзге өзгертілсін, жер учаскелерінің бөлінісі тізбесіне (экспликация) өзгеріс енгізіліп жаңа редакцияға сәйкес, басталсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Алатау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.