«Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабын, Қазақстан Республикасы «Жер Кодексінің» 84-89 бабтарын, «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 6 тарауын, «Алатау қаласынынң тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі №130 хаты, «Алатау қаласының сәулет және қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 23 сәуірдегі №260-04/25 жер учаскесінің жер таңдау актісін және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алатау қаласы бойынша филиалының алдын ала әзірлеген жер учаскелерінің бөлінісіндегі тізбесін (экспликация) негізге ала отырып, Алатау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) меншік иелері мен жер пайдаланушыларды заңнамамен белгіленген тәртіпте жер учаскелерінің мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп алу туралы хабардар етуді қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де қажетті шараларды қабылдасын.