Алатау қаласы әкімдігінің көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша
МӘЛІМЕТ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 9 қаңтардағы Жарлығына сәйкес, Алатау қаласы құрылды. 10 сәуір күні «Алатау қаласы әкімінің аппараты» ММ-сін құру туралы №1 қала әкімінің қаулысы шығарылып, әкімдіктің және .қалалық бөлімдердің штат кестесі бекітілді.
Осыған байланысты, қала әкімдігінде құжат айналымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында, 2024 жылы 30 мамыр күні ақпараттық жүйелері іске қосылды.
Сонымен қатар, 2024 жылдың 1 шілдесінде кейбір мемлекеттік қызмет түрінің халыққа қол жетімді болу үшін Алматы облысының цифрлық басқармасына өтініш білдіріп, «Е-лицензиялау» бағдарламасы Алатау қаласының жергілікті атқарушы органдарына орнатылды.
Алатау қаласы әкімі аппаратына қарасты 9 мемлекеттік бөлімдері өз құзырет (сәулет және қала құрылысы бөлімі, жер қатынастар бөлімі, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, ауыл шаруашылығы бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, экономика және қаржы бөлімі сонымен қатар әкім аппараты) шегінде мемлекеттік қызмет түрін көрсетуде.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылдың 18 қыркүйегіндегі №983 Қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер реестріне сәйкес, Алатау қаласының жергілікті атқарушы органдары 34 мемлекеттік қызмет түрі бар (32 қызмет электронды, 2 қызмет қағаз түрінде).
Жалпы 2025 жылдың 5 ай қорытындысы бойынша мемлекеттік мекемелер 5443 қызмет түрін көрсетті. Барлық көрсетілген қызметтердің 98% электрондық түрде, 2% қағаз жүзінде көрсетілген. Кейбір қызмет түрін беруден бас тартылған.
Бас тарту себебі:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 мамырдағы № 388 қаулысымен Алатау қаласының бас жоспары (негізгі ережелерді қоса алғанда) бекітілді. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108-бабының негізінде елді мекендердің шекараларын (шегін) белгілеу және өзгерту тиісті жерге орналастыру, сәулет және қала құрылысы органдарының бірлесіп ұсынуы бойынша белгіленген тәртіппен бекітілген қала құрылысы құжаттамасының негізінде жүргізіледі. Жоғарыда айтылғандарға байланысты жер учаскелеріне қатысты мәселелер Алатау қаласының шекаралары белгіленбеген. Сол себепті Алатау қаласының бас жоспарына пысықтау жұмыстарының қажеті туындады.
Жергілікті мемлекеттік органдардың ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында желтоқсан айынан бастап «Сервистік әкімдік» форматымен Алатау қаласы халқына қызмет көрсету үшін 1 қалалық сервистік әкімдік және «OPEN space» форматында жабдықталып, тұрғындарға қызмет көрсетуде.
Жоғарыда аталған жұмыстардың нәтижесінде қала тұрғындарының мемлекеттік қызметтерді алу үлесі артқанын атап өткен жөн.
Ағымдағы жылдың ақпан айында «Е-otinish» ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінен 1 сұраныс түсті. Сұраныста арызданушы «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзартуда бас тарту қызметінің жауабымен келіспегендігі жайында сөз қозғалды. Департаментке Алатау қаласының жер қатынастар бөлімімен Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 81 бабының 3 тармағының 1 тармақшасының талабы бойынша жер пайдалану құқығы учаскеге берілген мерзімнің өтуіне байланысты тоқтатылуы мүмкiн дегендігі жайында түсіндірме жауаптары берілді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдеріне күнделікті бақылау барлық жергілікті атқарушы органдардың қызметтерінің көрсету мерзімдерінің сақталуы күнделікті бақылануда.
Жыл басынан бекітілген кестеге сәйкес, Алатау қаласының 3 әкімшілік құрылымдық бөлімшелеріне ішкі бақылау шарасы жүргізілді. Бақылау шарасында тиісті тексеру актісінің қорытындысы дайындалды.
Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтерді мерзімінде көрсетуі жетік бақылауда.