«Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабын, Қазақстан Республикасы «Жер Кодексінің» 84-89 бабтарын, «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 6 тарауын, «Alatau» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2025 жылғы 19 наурыздағы №01-01/75 хатын негізге ала отырып, Алатау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы облысының Алатау қаласы аумағында құрылған «Алатау» арнайы экономикалық аймағының дамыту жобасын орындау мақсатында, инвестициялық жобаларды орналастыру және қызмет көрсету үшін, «Global exclusive» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалануындағы (жалға алу), кадастрлық нөмірі 03-055-232-652 жалпы көлемі 23,0000 га жер учаскесін, мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иеліктен шығару жұмыстары басталсын.
2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2027 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленсін.
Меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жүгінетін орыны Алатау қаласы, Қоянқұс ауылы, Б.Момышұлы көшесі, №157/1 мекен-жайы болып белгіленсін.
Алатау қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алатау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсы мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
«Алатау қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
1) меншік иелері мен жер пайдаланушыларды заңнамамен белгіленген тәртіпте жер учаскелерінің мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп алу туралы хабардар етуді қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
Осы қаулының орындалуын бақылау Алатау қаласы әкімінің салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.