Алатау қаласының экономика және қаржы бөлімінің (бұдан әрі – Бөлім) басшысының 2026 жылғы 22 мамырдағы №385 туралы» бұйрығына сәйкес 2025 жылғы 1 мен 30 маусым аралығында ішкі талдау жүргізілді. Талдау 2025 жылдың алғашқы 12 айлық қызметін қамтыды.
Бөлім өз қызметін Алатау қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 26 сәуірдегі №12 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес жүзеге асырады (бұдан әрі – Ереже).
Ережеге сәйкес Бөлімнің миссиясы – ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарын қалыптастыру мен іске асыруға ықпал ететін мемлекеттік жоспарлау жүйесін жүзеге асыру саласында басшылық ету болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 19 қазандағы №12 Жарлығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидаларына сәйкес талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
1.Бөлім өз қызметінде төмендегі заңнамаларға сүйенеді:
- 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңы;
- 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңы;
- 2005 жылғы 8 шілдедегі №66-III «Агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтарды мемлекеттік реттеу туралы» ҚР Заңы;
- 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңы;
- 2009 жылғы 18 маусымдағы №827 ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығы;
- 2010 жылғы 4 наурыздағы №931 ҚР Президентінің Жарлығы «Қазақстан Республикасының даму стратегиясы мен аумақтық даму бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг, бағалау және бақылау қағидалары туралы»;
- 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV ҚР Бюджет кодексі;
- 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №195 ҚР Ұлттық экономика министрінің бұйрығы «Бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу және бекіту қағидалары туралы»;
- 2014 жылғы 24 қарашадағы №511 ҚР Қаржы министрінің бұйрығы «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидалары туралы»;
- 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 ҚР Қаржы министрінің бұйрығы «Бюджетті орындау және оның кассалық қызмет көрсету қағидалары туралы»;
- 2014 жылғы 18 қыркүйектегі №403 ҚР Қаржы министрінің бұйрығы.
БАСҚАРМАНЫҢ ҰЙЫМДЫҚ-БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ
2.1. 2025 жылғы 1 қаңтардағы штат кестесіне сәйкес Бөлімнің жалпы штат саны 4 адамды құрайды, бос орындар - 1.
Талдау барысында ағымдағы жылдың 12 айында бөлімде ауысымдылық болмағаны анықталды.
Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес бөлім ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мемлекеттік қызметін көрсетеді.
Қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына сәйкес көрсетіледі.
Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін маман Әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларында көзделген тізбеге сәйкес құжаттарды ұсынады.
Талданып отырған кезеңде Бөлім 177 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде 177 көтерме жәрдемақы беру бойынша қызмет. Негізсіз бас тарту фактілері болған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар анықталған жоқ.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2025 жылға 42 маманға 412 860 000 теңге көлемінде қаражат бөлінді. Оның ішінде 2025 жылы 21 маманға бюджеттік кредит берілді.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы көтерме жәрдемақылар мен тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредиттер беру арқылы ауылдық елді мекендерге жас мамандарды тартуға бағытталған. Қолдау шараларымен білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен салаларының мамандары қамтылады.
Мамандарды мерзімінен бұрын жұмыстан шығару тәуекелі:
Мемлекеттік қолдау алған жас мамандар белгіленген ең аз мерзім аяқталғанға дейін (кемінде 3 жыл) жұмыстан шығарылатын жағдайлар бар. Бұл:
- ауылдық жерлердегі кадр тапшылығын ушықтырып отыр;
- бюджет шығыстарының тиімділігін төмендетеді;
- кадр құрамының тұрақтылығын қамтамасыз етуге кедергі келтіреді.
Бюджет қаражатының қайтарылмау тәуекелі:
Еңбек шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда заңнамада бұрын алынған қаражатты (көтерме) қайтару бойынша міндеттеме көзделген.
Ұсынылатын шаралар:
- Бағдарламаға қатысушылармен шарт талаптарын қатаңдату және олардың орындалуын бақылаудың нақты жүйесін енгізу;
- Мерзімінен бұрын жұмыстан босатылған жағдайда қаржылық жауапкершілікті автоматты түрде іске қосу тетіктерін әзірлеу (мысалы, кепілдіктер жүйесі, тәуекелдерді сақтандыру);
- Тәлімгерлік бағдарламаларын енгізу, мансаптық өсу және қосымша әлеуметтік қолдау үшін мүмкіндіктер беру арқылы жас мамандардың уәждемесі мен деңгейін арттыру.
6 .Бөлімде бақылау функциялары жоқ.
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес осы Заңда белгіленген тәртіппен берілген өтініштер міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге, есепке алынуға және қаралуға тиіс.
Бөлімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу және есепке алу журналы жүргізіледі. Ағымдағы жылдың 12 айының қорытындысы бойынша жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен барлық өтініштер заңнамада белгіленген мерзімде қаралып, оларға уақытылы жауаптар берілді.
Талдау көрсеткендей, бөлім қызметкерлері өтініштерді қарау кезінде заңдылық, өтініштерге қойылатын талаптардың бірлігі, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау кепілдіктері, өтініштерді қарау кезінде бюрократизм мен бұрмалаушылық көріністеріне жол бермеу, жеке және заңды тұлғалардың теңдігі, субъектілер мен лауазымды тұлғалар қызметінің ашықтығы сияқты қағидаттарды пайдаланады.
Бөлімнің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты жағымсыз материалдарды анықтау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізілді. Зерттелетін кезеңде жағымсыз материалдар анықталған жоқ.
ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
1) бұзушылықтарды жою және оларға жол бермеу жөнінде қажетті бақылау шараларын қабылдауға;
2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуды насихаттау жөніндегі жұмысты тұрақты негізде жүргізуге;
3) 2025 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша Бөлімнің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізсін;
4) Бағдарламаға қатысушыларға бақылауды күшейту: мерзімінен бұрын жұмыстан босату кезіндегі міндеттемелер мен салдарлар анық жазылған неғұрлым нақты шарттар жасасу;
5) «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптары қатаң сақталсын.
Топ мүшелері:
М.Ахментаев
А.Мұқамжан
Таныстым:
Алатау қаласының экономика
және қаржы бөлім
басшысының м.а. Д.Сулейменов