
Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, халықтың мәдени даму проблемаларын шешуді, олардың мәдени - демалыс қызметін жақсартуды бақылау, қалада мәдени саясаттың стратегиясы мен тактикасын, Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын, тілдерді және мәдениетті дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, мәдениеттің мемлекеттік стандарттарын және басқа да нормативтік құжаттарды жүзеге асыру.
Дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда қоғамдық тәртіпті сақтау.