GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Қызметі
Байланыс ақпараты
Департамент туралы
Баспасөз орталығы
Все материалы
Кадр саясаты
09 октября 2026
ҚАЖ департаментінде 2026 жылдың 9 айының қорытындысына арналған жиын өтті

Алматы қаласы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінде  2026 жылдың 9 айының қорытындысына арналған жиын өтті. Жиналғандар алдында сөз сөйлеген Департамент бастығы әділет полковнигі  Ерлан Ұзақов өткен тоғыз айда атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алдағы уақытқа арналған міндеттерге тоқталды.

ҚАЖ департаменті бастығының төрағалығымен өткен кеңесте жеке құрамға Ішкі істер министрлігінің алқа жиынында белгіленген негізгі міндеттер жеткізілді.

 «Қылмыстық-атқару жүйесі саласының қызметкерлері өздеріне жүктелген жауапкершілікті терең сезініп жұмыс жасаулары керек. Бұл бүгінгі күннің басты талабы. біздің басты міндетіміз – заң мен тәртіп қағидаты аясында жауапкершілікпен қызмет атқару»-деді департамент басшысы.

Жиын барысында Алматы қаласындағы пробациялық бақылауда тұрған сотталғандармен жұмысқа баса көңіл бөлу керек екені атап өтілді. Пробация қызметінде жыл басынан бері 5300-ден аса сотталған  пробациялық есептен өтсе, бүгінгі таңда 2700 сотталған есепте тұр. Олардың арасында қайталап қылмыс жасағандар бар. Осы кемшіліктерді жою үшін профилактикалық жұмыстарды күшейтудің маңызы зор. 

Сонымен қатар республикадағы ең ірі тергеу изоляторы болып саналатын №72 мекемедегі тәртіпті қатаң қадағалау тапсырылды. Аталған мекемеде жыл басынан бері жалпы есебі 4500-ден астам күдіктілер ұсталған. Олардың арасындағы тәртіпті күшейту қажет екеніне баса назар аударылды. 

Республикадағы жалғыз балалар колониясы да Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарайды. Бүгінде сотталған балалардың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінеді. Мұнда балалар жалпы білім беретін орта мектепте, колледжде білім алады.

Аталған жиында кадр саясаты туралы мәселелер көтеріліп, кәсіби бағдар беру жұмыстарын кеңінен жүргізу тапсырылды.

 Жиын барысында мекеме басшыларының есептері тыңдалып,  жұмыс барысындағы кемшіліктер  талқыланды. Сонымен қатар  жиында  заңдылық, тәртіп пен кадр саясатына және профилактикалық жұмыстарды күшейтуге баса назар аудару талап етілді.

Кадр саясаты
03 октября 2026
Халықаралық қарттар күні

Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде Халықаралық қарттар күніне орай жылы әрі тағылымды кездесу өтті.

ДУИС-тің жеке құрамы қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерлерін мерекемен құттықтап, оларға көп жылғы адал еңбегі, қызметке деген беріктігі және жүйенің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін шынайы алғыстарын білдірді.

Алматы қаласы бойынша ДУИС «Ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Манас Тұяқбаев Кеңес мүшелерін құттықтап, ардагерлерге зор денсаулық, отбасылық амандық, бақ-береке және ұзақ ғұмыр тіледі.

ДУИС бастығы Ерлан Узаков ардагерлерге алғыс хаттар табыстап, олардың еңбегін жоғары бағалап, қызметтік дәстүрлерді қалыптастыруға қосқан үлестерін атап өтті.

Ардагерлер – біздің тарихымыз, тәжірибеміз және жас ұрпаққа үлгі боларлық өнегеміз. Аға буынға құрмет көрсету және ұрпақтар сабақтастығын сақтау – қызметіміздің маңызды дәстүрлерінің бірі.

Барша ардагерлерге мықты денсаулық, бейбіт өмір, отбасылық береке және ұзақ ғұмыр тілейміз!

 

 

 

Кадр саясаты
27 сентября 2026
Алдын алу — дер кезінде назар аударудан басталады

Профилактика начинается со своевременного внимания

При поддержке проекта «НаркоСТОП» для сотрудников учреждений №11, №13 и №72 состоялся обучающий семинар, посвящённый вопросам раннего выявления признаков депрессивного и суицидального поведения.

Спикерами семинара выступили специалисты «Центра психического здоровья» УОЗ г. Алматы — руководитель суицидологической службы экстренного реагирования, врач-психиатр высшей квалификационной категории Мария Токарева и врач Сейілхан Таласбаев.

В ходе встречи участники получили практические знания о том, как своевременно распознавать эмоциональные и поведенческие изменения, которые могут свидетельствовать о кризисном состоянии, на что обращать внимание при общении с человеком и как правильно действовать в ситуации, требующей профессионального вмешательства.

Особое внимание было уделено вопросам профилактики, внимательного отношения к психологическому состоянию человека и своевременного оказания помощи. Такие знания особенно важны для сотрудников учреждений, которые ежедневно находятся в непосредственном контакте с людьми и могут одними из первых заметить тревожные изменения в их поведении.

Подобные обучающие мероприятия способствуют повышению профессиональной компетентности сотрудников, развитию навыков кризисного реагирования и формированию культуры своевременного обращения за психологической и медицинской помощью.

 

Внимание, поддержка и своевременная помощь могут иметь решающее значение.

 

Пробация қызметі
24 сентября 2026
ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ЦИФРЛЫҚ БАҚЫЛАУ

ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ЦИФРЛЫҚ БАҚЫЛАУ – ЖАҢА МҮМКІНДІК. 

Алматы қаласы бойынша ҚАЖД Пробация қызметі жаңа форматқа көшуде. Цифрлық пробация – бұл мобильді қосымшаларды, бейнебақылау жүйелерін және электрондық бақылау құралдарын пайдалана отырып, пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды бақылау мен қайта әлеуметтендірудің заманауи форматы.

Есепке алынған азаматтар смартфондағы «Цифрлық пробация» қосымшасы арқылы қашықтықтан белгіленіп, құжаттарын жібере алады және инспектордан хабарлама ала алады.

 Цифрлық пробация қызметінің тиімділігі –  пробация қызметкерлері сот шектеулерінің сақталуын тәулік бойы қадағалай алады. 

Жүйе қалалық бейнебақылау камераларымен және мемлекеттік дерекқорлармен интеграцияланған. Ол автоматты түрде бақылаудағылардың тыйым салынған орындарға бару немесе басқа өңірлерге шығу фактілерін дереу тіркейді.

Алматы қаласы бойынша 1640 сотталғанға қатысты «Цифрлы пробация» қолданылады. Аталған сотталғандардың ішінде 167 құқық бұзушылық анықталып, 18 сотталғанның ісі бас бостандығынан айыру үшін сотқа жолданды. Бүгінгі таңда 3 іс қаралып, 15 іс қаралу үстінде.

Сондай-ақ 120 сотталғанға қатысты «Электрондық бақылау құралдары» қолданылса, олардың арасынан 132 жаза өтеу тәртібін бұзу анықталды. Бұл факт бойынша 34 іс сотқа жіберіліп, әзірше 19 іс қанағаттандырылды. Смартфондары жоқ немесе тұрақты байланыс жоқ сотталғандар электрондық браслет арқылы бақыланады.

Пробация қызметінің негізгі міндеттерінің бірі – құқық бұзушылықтың алдын алу және есепте тұрған азаматтардың қоғамға қайта бейімделуіне ықпал ету.

Бұл орайда «Цифрлық пробация» қосымшасы – бақылауды күшейту ғана емес, сотталғандардың қайта құқық бұзушылық жасауына жол бермеу және профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

 

Тәрбиелік шаралар
24 сентября 2026
Көшпенділер ойыны

Сайын даланы дүбірге бөлейтін көшпенділер ойыны тек ұлттық ерекшеліктерді дәріптейтін, қажыр-қайратты сынайтын ойын ғана емес халықтардың мәдени өмірінде де зор роль атқарады. Биыл Қырғыз елінде өткен көшпенділер ойынына төрткүл дүние көз тікті. Көшпенді мәдениеттің жандануының жарқын көрінісі болған «VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары – 2026» аясында Алматы қаласындағы балалар колониясының жеткіншектері арасында да спорттық-тәрбие іс-шарасы ұйымдастырылды.

Спорт додасына №11 мекемеде жазасын өтеп жатқан кәмелетке толмаған сотталғандардың барлығы қатысты. «Алаш»,«Арлан», «Қыран» деп аталатын командаларға топтасқан жасөспірімдер арқан тарту, қол күресі, қой көтеру және гір тасын көтеру бойынша сынға түсті.

Тартысты әрі қызықты өткен сайыстың қорытындысы бойынша «Алаш» командасы – I орынды, «Арлан» командасы – II орынды, «Қыран» командасы – III орынды иеленді.

            Іс-шараны ұйымдастыруға Алматы қаласы Полиция департаменті Арнайы және кәсіптік даярлық басқармасының қызметкері полиция майоры А. Абдиманапов, Алматы қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының өкілі, полиция подполковнигі Д. Көбеев, «Возражение Life» магистр-психологы М. Миркулова және директор Ш. Хамит белсене қатысып, демеушілік көмек көрсетті.

            Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған 30 жасөспірімге медальдар мен әртүрлі сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар демеушілер  спорттық ойынға қатысушыларға тәтті сусындар мен шоколадтар үлестіріп, көңіл-күйлерін көтерді. 

            Жоғары деңгейде өткен көшпенділер ойыны ұйымдастырушылардың іскерлігін дәлелдеп, жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттауға және ұлттық спорт түрлеріне деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік берді.

 

19 сентября 2026
Онкологиялық ауруларды ерте анықтау – денсаулықты сақтаудың маңызды кепілі

Онкологиялық ауруларды ерте анықтау – денсаулықты сақтаудың маңызды кепілі

Қазақстанда халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, аурулардың алдын алу және қатерлі ісіктерді ерте кезеңде анықтау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Осы мақсатта профилактикалық медициналық тексерулер мен скринингтік зерттеулердің маңызы ерекше.

Осы бағыттағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары Алматы қаласы ҚАЖД-ға қарасты №72 мекемеде де ұйымдастырылды. Мекемеде сотталған ерлер мен әйелдерге дәрігер Сейілхан Темірханұлы және дәрігер Шынар Серикхановна денсаулықты күту, аурулардың алдын алу және медициналық тексерулерден уақытылы өтудің маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында мамандар онкологиялық аурулардың алдын алу және оларды ерте кезеңде анықтау мәселелеріне ерекше тоқталды. Дәрігерлердің айтуынша, қатерлі ісіктерді бастапқы кезеңінде анықтау медициналық көмекті дер кезінде бастауға және пациенттің денсаулығын сақтауға бағытталған емдеу шараларын уақытылы жүргізуге мүмкіндік береді.

«Скринингтен өту ауруды ерте анықтауға және емдеуді уақытылы бастауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті маман.

Мамандар азаматтарға өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау қажеттігін түсіндірді. Скринингтік тексерулердің негізгі мақсаты – белгілі бір жас топтарындағы адамдар арасында аурулардың бастапқы белгілерін немесе қауіп факторларын ерте анықтап, қажет болған жағдайда қосымша медициналық тексеруге және ем алуға бағыттау.

Кездесу барысында денсаулық сақтау жүйесінде әлеуметтік маңызы бар және созылмалы ауруларды ерте диагностикалауға бағытталған профилактикалық шаралар жүргізілетіні айтылды. Атап айтқанда, 40 жастан 76 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер арасында артериялық гипертензияны, жүректің ишемиялық ауруын, қант диабетін, глаукоманы және мінез-құлықтық қауіп факторларын анықтауға бағытталған скринингтік тексерулердің маңызы түсіндірілді.

Медициналық мамандар скринингтің тек ауруды анықтаумен шектелмейтінін атап өтті. Оның маңызды бағыты – адамның денсаулық жағдайын бағалау, аурудың пайда болуына әсер ететін қауіп факторларын анықтау және олардың алдын алу бойынша тиісті ұсыныстар беру.

Сонымен қатар, дәрігерлер кез келген аурудың алдын алуда адамның өзінің денсаулығына деген жауапкершілігі маңызды екенін жеткізді. Уақытылы медициналық тексеруден өту, дәрігердің ұсыныстарын орындау, дұрыс тамақтану, дене белсенділігін сақтау және зиянды әдеттерден бас тарту – денсаулықты нығайтуға ықпал ететін негізгі факторлардың бірі.

Мекеме жағдайында өткізілген түсіндіру жұмыстары сотталғандардың медициналық сауаттылығын арттыруға, профилактикалық шараларға жауапкершілікпен қарауына және өз денсаулығына ұқыпты болуына бағытталды.

Мамандар қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, медициналық тексерулерден жүйелі түрде өтудің маңыздылығын тағы бір мәрте атап өтті. Кездесу соңында азаматтарға өз денсаулығына немқұрайлы қарамай, профилактикалық тексерулерден белгіленген тәртіппен өту қажеттігі түсіндірілді.

Денсаулықты сақтау – ауруды емдеуден бұрын оның алдын алудан басталады. Ал ауруды ерте анықтау – медициналық көмекті уақытылы ұйымдастырудың маңызды алғышарты.

 

Тәрбиелік шаралар
11 сентября 2026
«Кітап оқуға құштарлық!» жобасы

Алматы қаласындағы балалар колониясында «Кітап оқуға құштарлық!» атты шектеусіз оқу  жобасының аясында  ерекше іс- шара өтті.

Жазалы жасөспірімдер арасында өткізілген іс-шараға Жамбыл атындағы қалалық жасөпірімдер кітапханасының қызметкерлері Рақым Мұхамедәли  мен Шарайна Құмарова әділқазылық етті.

Білім сайысына қатысқан балалар өздері оқыған әр шығарманың тарихын, оның адамға үлгі болатын тұстары жайлы әңгімеледі.

Өлеңді мәнерлеп оқып, оқыған кітаптарын әсерлі әңгімелей алуы олардың тілге тиек етіп тұрған шығарманы түсініп оқығандарын айқындап тұрды.

Олар ұлы Абайдың, М. Әуезов, Б. Соқпақбаевтың және А.Сүлейменовтің, сондай-ақ детектив шебері Агата Кристи сияқты жазушылардың шығармаларымен қатар қазіргі заман әдебиеті өкілдерін де шет қалдырмады.

Кітап әлемінен өзіндік тәлім ала білген оқушылардың тіл байлықтары артып, ой-саналарының тереңдей түскені қуантарлық.

Іс-шара соңында мекеме басшылығы осындай мағыналы іс-шара ұйымдастырған кітапханашыларға алғыс білдірді.

 

11 сентября 2026
ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің басшылығы Алматы қаласындағы мекемелердің жұмысымен танысты

Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Нияз Қанатұлы Рыспаев жуырда Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде болып, қаладағы мекемелердің жұмысымен танысты.

Әділет полковнигі Н.Рыспаев №72 және №11 мекемелерде болып, ондағы жедел-режимдік жұмыстарды және сотталғандар мен күдіктілерді ұстау жағдайын назарға алды.

№72 мекемесі (Тергеу изоляторы) 2007 жылы пайдалануға берілген. Бүгінгі таңда республикамыздағы ірі мекемелердің бірі болып табылады. 

ҚАЖК төрағасының орынбасары іссапар барысында мекемедегі фронт-офис, кезекші бөлім, онлайн бейне-процестер өтетін бөлмелердің, кезекші және режимдік бөлімдердің,  қысқа мерзімді кездесу бөлмелерінің бейне камералармен жабдықталуымен танысты.  Сондай-ақ ол №11 мекеменің биыл пайдалануға берілген жаңа ғимаратында болып, жазалы жасөспірімдердің жаза өтеулеріне тудырылған жайлы жағдаймен танысты.

Мұнда сотталған балалардың білім алуларына және спортпен айналысуларына барлық жағдай жасалған. Мекеме ғимаратының ішінде арнайы спорт зал болса, далада шағын футболға арналған алаң бар. Білім алатын мекеме жанындағы №32 жалпы білім беретін мектептің мұғалімдерімен де кездесіп, сотталған балаларға білім берудегі жаңа бастамаларымен танысты.

Мекемелер жұмысымен танысқан соң  төраға орынбасары Алматы қаласы бойынша ҚАЖД басшылығы және жеке құраммен кеңес өткізіп, «Заң мен тәртіп» қағидатының, ҚАЖ қызметкерлерінің «Әдеп кодексінің» талаптарын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері туралы нақты тапсырмалар беріп, пікір алмасты.

Тәрбиелік шаралар
31 августа 2026
Білім мен мамандық – сотталғандарды табысты әлеуметтендірудің маңызды қадамы

Білім мен мамандық – сотталғандарды табысты әлеуметтендірудің маңызды қадамы

Жаңа оқу жылы қарсаңында №11 мекемеде Алматы қаласы бойынша ҚАЖД басшылығының мекеме басшылығымен, Алматы қаласы Түрксіб ауданының №32 жалпы білім беретін мектебінің және Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжінің басшылығымен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесудің негізгі тақырыбы – 2026–2027 оқу жылындағы білім беру процесін ұйымдастыру, сондай-ақ сотталғандардың білім алуына және еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіби дағдыларды меңгеруіне қажетті жағдай жасау мәселелері болды.

2026 жылғы 5 қаңтардан бастап мекемедегі білім беру процесі Алматы қаласы Түрксіб ауданының КММ «№32 жалпы білім беретін мектебі» аясында жүзеге асырылуда. Оқыту мектеп директорымен бекітіліп, Алматы қаласының Білім басқармасымен келісілген оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі.

Білім алушылар мектеп оқулықтарымен, сондай-ақ негізгі және жалпы орта білімді аяқтағаны туралы аттестаттармен Алматы қаласының Білім басқармасы есебінен қамтамасыз етіледі. Осылайша, сотталғандарға білім алуын жалғастырып, мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжат алу мүмкіндігі беріледі.

Кездесу барысында сотталғандарды кәсіби даярлау олардың кейінгі ресоциализациясының негізгі бағыттарының бірі ретінде ерекше назарға алынды.

Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжімен бірлесіп өңірлік еңбек нарығында сұранысқа ие келесі мамандықтар бойынша оқыту ұйымдастырылған:

токарь ісі;

дәнекерлеу ісі;

шаштараз өнері;

тігін өндірісі және киімді модельдеу.

Мамандықтар тізімі өңірлік еңбек нарығының өзекті қажеттіліктері мен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің өндірістік базасының техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып қалыптастырылады.

Таңдалған бағыттар бойынша оқу мерзімі 6,5 айды құрайды. Курстарды аяқтағаннан кейін сотталғандарға алған біліктілігін растайтын мемлекеттік үлгідегі сертификат беріледі.

Жазасын өтеу кезеңінде мамандық алу – бұл тек жаңа білім мен практикалық дағдыларды меңгеру мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар адамды бостандыққа шыққаннан кейінгі өмірге дайындаудың маңызды кезеңі. Сұранысқа ие мамандықтың болуы одан әрі жұмысқа орналасуға, өз бетінше өмір сүруге және қоғамға қайта бейімделуге мүмкіндік береді.

Білім алуға және кәсіптік оқуға жағдай жасау – сотталғандарды ресоциализациялау бойынша кешенді жұмыстың маңызды бөлігі. Негізгі мақсат – адамға білім, мамандық және өз күшіне деген сенім беріп, бостандыққа шыққаннан кейін өмірін жаңа парақтан бастауға және қоғамның толыққанды мүшесі болуына мүмкіндік жасау.

Кездесу барысында сондай-ақ оқу тәртібін сақтау, білім алушыларды оқулықтармен толық қамтамасыз ету, кәсіптік бағдар беру, педагогтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және білім беру процесін ұйымдастыруға қажетті жағдайларды жасау мәселелері қаралды.

Кадр саясаты
24 августа 2026
Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістер қарастырылды

Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде Қазақстан Республикасы ІІМ Заң және нормашығармашылық үйлестіру департаменті басқармасының бастығы, полиция полковнигі Тәжин Талғат Болатұлының қатысуымен кеңес өтті.

Кездесу барысында «Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістер» тақырыбы қаралды.

Кеңеске қатысушылар заңнамадағы негізгі өзгерістерді, оларды практикада қолдану мәселелерін, сондай-ақ құқық қолдану қызметін жетілдірудің өзекті бағыттарын талқылады.

Мұндай кездесулер қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңнама нормаларын біркелкі қолдануға және қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қызметін одан әрі жетілдіруге ықпал етеді.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы