
Бүгін Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департамент және № 72 мекеме басшылығы Алматы қаласы адвокаттар алқасының адвокаттарымен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында адвокаттар қылмыстық іс-жүргізу шеңберінде өз қорғауларындағы күдіктілермен кездесуде туындайтын мәселелер туралы жеткізді.
Департамент бастығы әділет полковнигі Ерлан Ұзақов тергеу изоляторында 1700-ден астам күдіктілер ұсталатындықтан, оларды адвокаттармен, қоғамдық қорғаушыларымен кездестірудің өзіндік қиындығы туралы айтып кетті.
Алда проблемалық сұрақтарды шешуге бағытталған ұсыныстар мен жаңа әдістер енгізілетін болады.