АЛМАТЫДАҒЫ ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНДА ӘЙЕЛДЕР МЕРЕКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

АЛМАТЫДАҒЫ ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНДА ӘЙЕЛДЕР МЕРЕКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Алматы қаласы,   бойынша ҚАЖД №72 мекемесінде шаруашылық жасағындағы сотталған әйелдер ерекше құрметке ие болды. Жазасын өтеп жүрген ер азаматтар мереке күніндегі салтанатты ұйымдастыруда өз өнерлерін ортаға салып,  мекеменің тәрбие бөліміндегі офицер қыз-келіншектерді де көктем мерекесімен құттықтады.

Мерекелік салтанатта жасақ бастығы  әділет аға лейтенанты М.Ибраимолдаев  құттықтау сөз сөйледі. 

«Қымбатты қыз-келіншектер! Әйел деген әр отбасына бақыт сыйлайтын жан. Сіздер бар жерде береке мен бірлік бар. Ал бірлік бар жерде тірлік болатыны сөзсіз.  «Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң» деген қағидалы сөз бекер айтылмаған. Сондықтан бүгін жазалы болып жүрген аналар мен арулардың тезірек еркіндікке шығып, қоғам үшін пайдалы іспен айналысуларына тілектеспін. Құрметті аналар мен арулар, шаңырақтарыңызға шаттық, өмірлеріңізге  бақыт тілеймін»-деді өзінің құттықтау сөзінде М.Ибраимолдаев.

Салтанатты жиында сондай-ақ мекемедегі мәдени-тәрбиелік іс-шараларға белсене атсалысып жүрген  қыз-келіншектер Мекеме бастығының марапатына ие болды.  Мереке соңында  сотталғандардың күшімен дайындалған концерттік бағдарлама ұсынылды.