СОТТАЛҒАН БАЛАЛАР АНАЛАРЫН БЕЙНЕ КАМЕРА АРҚЫЛЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

СОТТАЛҒАН БАЛАЛАР АНАЛАРЫН БЕЙНЕ КАМЕРА АРҚЫЛЫ  ҚҰТТЫҚТАДЫ

Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №11 мекемесіндегі сотталған балалар арасында  8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесінің құрметіне қабырға газетінен байқау өтті. 

Әйелдерге әдемі көңіл күй сыйлайтын мерекеде олар аналарын байнебақылау арқылы құттықтап, салған суреттері арқылы жылы лебіздерін жеткізді. «Мен сені жақсы көремін, ана» деген жалғыз ауыз сөзге жаны семіретін аналары жазасын өтеп жүрген балаларының жағдайын көзбен көріп, көңілдері көтерілді. Олар өз балаларының ауыздарынан естіген құттықтау үшін осындай мүмкіндік тудырған мекеме басшылығына онлайн түрде алғыстарын жаудырды.

Бұл кеште балалар өздері жүрген колонияның тарихымен де танысты. Аталған мекеменің сотталғандар арасындағы тәрбиелік, әлеуметтік-психологиялық жұмысы бөлімінің жасақ бастығы әділет капитаны  А.Намазбеков республикадағы жалғыз балалар колониясының тарихы туралы кеңінен әңгімелеп берді. 

Мереке қарсаңында аналарымен жүздесіп, көңілдері көтерілген балалар өз қуаныштарын мерекелік дастархан басында жалғастырды.