Пробация есебіне алынған азаматтарды жұмыспен қамту

Пробация есебіне алынған азаматтарды жұмыспен қамту

Жуырда Алматы қаласы бойыншы ҚАЖ департаментіне қарасты 6 аудандық пробация бөлімдері өздерінің бақылауындағы сотталғандарды Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығына апарып, жұмыс таңдауларына көмектесті. Аталған орталыққа барған 60 жуық  сотталған пробациялық бақылау қызметінің көмегімен жұмысқа орналасуға мүмкіндік барына көз жеткізді.

«Сотталғандарды пробациялық бақылауға есепке алу кезінде тұрақты жұмысы жоқ сотталғандар да кездеседі. Жұмыссыз адамның табыс көзі де болмайды. Сондықтан да біз оларды Жұмыспен қамту орталығының мамандарымен бірлесе отырып, жұмысқа орналастыруға ықпал етеміз. Бұл сотталғандардың қайталап қылмыс жасауларының да алдын алады»-дейді ҚАЖД Пробациялық бақылау қызметінің бастығы Е.Есмұратов.