№11 мекеме қызметкерлері заң тақырыбында дәріс өткізді

№11 мекеме қызметкерлері заң тақырыбында дәріс өткізді

Бүгінде жастарға құқықтық тәрбие берудің олардың болашақта құқықбұзушылықтар мен қылмысқа ұрынбай, өмірден өз орындарын табуларына ықпал ететіні сөзсіз. Осыған орай Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №11 мекемесінің мамандары «Алматы сән және қызмет көрсету саласы» колледжінің студенттері арасында «Жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі» атты тақырыпта дәріс өткізді. 

Сабақтың мақсаты – жеткіншектердің құқықтық сауатын арттыру, 

Мемлекет басшысының елімізде «Заң және тәртіп» қағидатын біржола орнықтыру туралы тапсырмасын орындауға үн қосу болып табылады. Сабақ кезінде  колледж студенттері алдында Алматы сән және қызмет көрсету саласы колледжі директорының орынбасары Күнімай Омарова, №11 мекеменің режим және күзет бөлімінің бастығы әділет майоры Азамат Канафин, мекеме бастығының кезекші көмекшісі әділет майоры Анар Мустафаев және режим және күзет бөлімінің бақылаушысы әділет сержанты Азамат Молдабек сөз сөйлеп, балаларға құқықтық жауапкершіліктің маңызы туралы әңгімеледі. 

Сөз сөйлегендер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында да  заң мен тәртіпті сақтаудың еліміздің экономикасын арттыруға   тигізетін оң ықпалы жайлы айтқандарын балаларға жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар олар студенттердің сұрақтарға жауап берді.