Алматы қаласы Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы қызметкерімен кездесу

Алматы қаласы Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы қызметкерімен кездесу

Алматы қаласы Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Д. Көбеев №13 мекемесі қызметкерлерінің және сотталғандардың құқықтық сауаттылықтарын арттыру мақсатында дәріс өткізді. Дәрістің негізгі тақырыбы – "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың және күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңы болды. 2025 жылдың 2 қаңтарында қабылданған Заң наурыз айында күшіне енеді. Кездесу барысында аталған Заң есірткі өндірісі үшін ғана емес, осы қылмыстық әрекет үшін лауазымды адамдардың да жауапкершілігін едәуір қатаңдатқанын, сонымен қатар есірткіні жасырын орналастырушылардың жазасы аздап жұмсартылғанын, алайда қылмыстық әрекетті бірнеше рет қайталаса, мүлкін тәркілей отырып, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қатаң жазаға тартылатыны атап өтілді.

Сонымен қатар Полиция департаментінің қызметкері есірткіні өткізу, сақтау, өндіру үшін ғана емес, есірткі және психотроптық заттарды насихаттау және жарнамалау үшін де қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын жеткізді.