2024 жылдың жұмысы қорытындыланды

2024 жылдың жұмысы қорытындыланды

Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде 2024 жылдың жұмыс қорытындысына арналған жиын өтті.

Жиында ІІМ ҚАЖ комитеті төрағасының міндетін атқарушы әділет полковнигі Абай Қайырбеков сөз сөйлеп, жеке құрамды Ішкі істер министрлігінің алқа отырысында қаралған мәселелермен таныстырды. 

ҚАЖД бастығы әділет полковнигі Ерлан Ұзақов өз сөзінде жыл бойы атқарылған жұмыстарға тоқталып, 2025 жылы іске асырылуы тиіс міндеттерді де тілге тиек етті. Жиын барысында жеке құрам арасында заңдылық пен тәртіптің сақталуын бақылауды күшейту, кадр саясатын жетілдіру және жергілікті жерлерде профилактикалық жұмысты жандандыру туралы мәселелер талқыланды. 

Сондай-ақ Департамент бастығының орынбасарлары мен мекеме бастықтары аталған уақыт ішінде атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

Жыл қорытындысына арналған жиынға департаменттің жеке құрамы, ведомствоға бағынысты мекемелердің және пробация бөлімдерінің бастықтары қатысты.