«Патриоттық қозғалыс Желтоқсан ақиқаты» РҚБ мүшесімен кездесу

«Патриоттық қозғалыс  Желтоқсан ақиқаты» РҚБ мүшесімен кездесу

Қазақ халқы үшін 1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасының» орны ерекше. Бұл көтеріліс – ұлт тарихында болған ақтаңдақтардың бірегейі. Қазақтың айбарына айналған Тәуелсіздік күніне орай Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаменті №11 мекемесінде «Патриоттық қозғалыс  Желтоқсан ақиқаты» Республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі Арип Смаилович Каблановпен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында ол мекеме қызметкерлеріне Тәуелсіздіктің қадірі мен Желтоқсан оқиғасының маңызына тоқталып, жеке құрамның рухын көтерді.

Сондай-ақ жеке құрамға ұлт қасіреті болған көтеріліс туралы «Желтоқсан жаңғырығы» атты деректі фильм көрсетілді.