«Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ 150 кітап берсе, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы 28 діни кітап сыйлыққа тарту етті. Алматы қаласының Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасы жақын күнде өткен «Кітап оқуға құштарлық атты!» іс шарада 20 кітап сыйлыққа беріп, кітапхана қорын толықтырды.
Қазіргі таңда мекеме кітапханасының қорында барлығы 4000 астам кітап бар. Әдебиеттер қазақ тілінде, орыс және ағылшын тілдерінде. Сонымен қатар 3- планшетте электронды кітаптар бар.
Жазасын өтеп жатқан кәмелет жасқа толмаған сотталған балаларға білім мен тәрбие беруге мекеме әкімшілігінің қызметі мол. Тек балалар білім мен дамуға деген құштарлығын ұлғайтса.