Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №13 мекемесіндегі сотталғандар танымал қазақстандық дзюдошы, 2008 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Асхат Житкеевпен кездесті. Сотталғандар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған кездесуде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт жаттықтырушысы А.Житкеев сотталғандарға спорттың адам өмірінде алатын маңызына, оның денсаулыққа тигізетін пайдасы жайлы әңгімеледі.
Сотталғандар да спортшыға түрлі сауалдар қойып өздерінің спортқа деген қызығушылықтарын танытты. Кездесу барысында А.Житкеев жазалылардың балаларға қатысты спорттық бағдарламалар туралы сұрақтарына жауап берді және сотталғандар болашақта спортпен айналысуға деген ниеттерін жеткізді.