Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетімен бірлескен жұмыс

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетімен бірлескен жұмыс

Алматы қаласы бойынша ҚАЖД №72 және №13 мекемелерінде «Адамдардың эмоционалды қажуының алдын алу әдістері және коммуникация, коллаборация қабілеттерін дамыту» тақырыбында семинар тренинг ұйымдастырылды. 

Семинар тренингті өткізген Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің психологы Айнұр Дүйсенбаева эмоция және эмоционалды қажу, оны реттеудің әдістері мен механизмдері туралы дәріс оқыды.

Тренинг барысында сотталғандарға бейнероликтер көрсетіліп, практикалық жаттығулар өткізілді.

Сонымен қатар сотталғандар әр жаттығу бойынша өз пікірлерімен бөлісіп, көзқарастарын білдірді.