ЖИТС инфекциясының берілу жолдары туралы дәрістер өткізілді

ЖИТС инфекциясының берілу жолдары туралы дәрістер өткізілді

Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №11 және №13 мекемелерінде 1 желтоқсан –Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күніне орай ЖИТС инфекциясының берілу жолдары мен одан  қалай сақтану туралы дәрістер өткізілді.

Мұндай маңызды іс-шараны №11 мекемеде «Равный-равному» мемлекеттік емес ұйымының өкілдері өткізіп, аталған аурудың таралуына себеп болатын нашақорлық туралы дәрістер оқыды және шағын сахналық қойылымдар көрсетті. Ал  жазасын өтеуші жасөпірімдер ЖИТС тақырыбына арнап салған қабырға газеттерін қорғап, сурет мазмұнын жан-жақты түсіндіріп берді.

№13 мекемеде Алматы қаласы ЖИТС орталығының мамандары мен №24 емхананың дәрігерлері жеке құрам мен сотталғандарға қан арқылы берілетін инфекциялық аурулар туралы дәріс оқып,  толық ақпаратпен қамтамасыз етті.