Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №11 мекемесінде көңілді тапқырлар клубы (КВН) өтіп, оған сотталған балалардан құралған «Жастар» командасы, Алматы туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің «Кеттік, бәрін таста», Алматы технология және флористика колледжінің «Актив», Алматы дизайн және сән колледжінің «Акмис» командалары қатысты.
3 тур бойынша жарысқа түскен командаларға «Social project management» қорының өкілі Мұхамеджан Әбдібекұлы және Жетісу ауданы әкімдігі Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Мөлдір Алтынбек, мекемедегі Кәсіптік колледждің бас шебері Жасұлан Қасымов әділқазылық етті.
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру аясында ұйымдастырылған КТК жарысында бірінші орынды жазалы жасөспірімдердің «Жастар» командасы, екінші орынды «Актив» командасы, үшінші орындарды «Акмис» және «Кеттік, бәрін таста» командалары иеленді.