Жер сілкіну және өрт кезінде қызметкерлердің іс-әрекеттері

Жер сілкіну және өрт кезінде қызметкерлердің іс-әрекеттері

Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаменті  №11 мекемесінде жеке құрам арасында төтенше жағдай кезінде қалай дұрыс іс-әрекет ету жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Алматы қаласы Жетісу аудандық ТЖБ бас маманы азаматтық қорғау аға лейтенанты Біржан Серікұлы Аманбеков жеке құрамға жер сілкіну және өрт кезінде азаматтардың іс-әрекеті туралы бағыт берді.

Сондай-ақ азаматтық қорғау аға лейтенанты Нұртас Мұхитов өрттің шығу себебін, өрт болған жағдайда қалай әрекет жасау, өрт сөндіргіш құралдарды дұрыс қолдану әдістерін түсіндірді. Өрт шыға қалған жағдайда өрт сөндірушілерге дер кезінде хабар жеткізу туралы мәліметтер берді.

Іс шара соңында мекеме бастығы әділет полковнигі А.Б. Сүлейменов мекемеде кәмелеттік жасқа толмаған балалар жазасын өтейтіндіктен жеке құрамның төтенше жағдайлардың алдын-алу мен өрт қауіпсіздігінің алгоритмін білуі міндетті екенін атап өтіп, Жетісу ауданы ТЖБ мамандарына алғыс білдірді.