Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №11 мекемесінде жазасын өтеп жатқан жасөпірімдерге арналған профилактикалық медициналық тексеру жүргізілді. Бұл іс-шараға Алматы қаласы Жетісу ауданының прокуратурасы және Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасына қарасты №24 емхананың медициналық қызметкерлері қатысты. Мекемедегі жасөпірімдердің денсаулығын тексеруге, көз дәрігері, құлақ-мұрын дәрігер, невропотолог, уролог, психиатр, стоматолог, УДЗ дәрігер және терпевт қатысты. Тексеру барысында әр жасөпірімдердің денсаулығына кешенді диагностика жасалды. Көз дәрігері көру қабілетін, қажетті нұсқаулар берсе, құлақ-мұрын дәрігері тыныс алу жүйесіне назар аударды. Невропотолог дәрігер жүйке жүйесіннің жағдайын бағалады, ал уролог жасөпірімдердің репродуктивті денсаулығына тексеру жүргізді, психиатр психикалық денсаулығын бағалады. Стамотолог тіс жағдайын қарап, емдеу бойынша ұсыныстар жасады. УДЗ дәрігері ішкі ағзалардың жағдайын зерттеп, ал терапевт жалпы денсаулық жағдайларына баға берді. Бұл профилактикалық тексерудің мақсаты-жасөпірімдердің денсаулығын бақылап дер кезінде қажетті медициналық көмек көрсету және болашақта аурулардың алдын-алу болып табылады. Тексеру нәтижелер бойынша мамандар денсаулықты нығайту шараларын белгілеп, емдеу курсын тағайындады.