Мемлекеттік қуыршақ театрының әртістері №11 мекемеге келді

Мемлекеттік қуыршақ театрының әртістері №11 мекемеге келді

ҚР Премьер-Министрінің өкімімен бекітілген Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру аясында, Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театры №11 мекемесіне келіп «Қуыршақ думан» атты сахналық қойылымын арнайы жазалы жасөспірімдерге көрсетіп берді.

Әсерлі қойылымды тамашалаған балалар әр қуыршақтың костюмі, қимылдарына қызыға қарап отырды.

Алматы Мемлекет­тік қуыршақ театры бүгінгі күні жан-жақтылығымен өзгешеленген, жаңаша формат­тар мен батыл қадамдардың, тың жаңалықтардың ордасы. Бүгінде кішкентай көрермендермен қатар, ересектер де танымдық, тәрбиелік бағыт­тағы рухани қойылымдарға ғана емес, заманауи үрдістегі театр келбетіне де куә бола алады. Театр ұжымы соңғы жылдары көрермен талғамы мен сұранысына сай, қоғамда көтеріліп жүрген маңызды мәселелерді қуыршақтардың түрлі мүмкіндіктерімен қамти отырып, жас жеткіншектер санасын жандандыратын адамгершілік-рухани құндылықтарды дәріптейтін тәлімді туындылар таңдауда аса үлкен жауапкершілік міндетін саралай келе, жыл өткен сайын арнасын сапалы да пайдалы жобалармен, қойылымдармен көремендерді қуантуда.

Өмірлік мәні бар, «Қуыршақ думан» қойлымы, жазасын өтеуші жасөспірімдерге зор қуаныш сыйлады. Өнерге құрметтері мен құлшыныстарын қалыптастыруға әсер беріп, балалық шақтары қапаста өтіп жатқан жасөспірімдерге жақсы демалыс сыйлаған Мемлекеттік қуыршақ театрының басшылығына САӘПТЖБ бастығы әділет подполковнигі Бәзілбаева Алма Қойшыбаевна келген қонақтарға алғыс білдіріп, мекеме бастығының атынан алғыс хат және саханалық қойылым қойған әртістерге гүл шоқтарын ұсынды.