Түрксіб ауданының прокуратурасы Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Nº13 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар арасында "Нашақорлық пен алкогольге тәуелділіктің алдын алу" тақырыбында дәріс өткізді. Дәрістің мақсаты – сотталғандар арасында алкогольдік ішімдіктер мен есірткі заттарын пайдалану фактілерінің алдын алу.
Сонымен қатар, сотталғандарға алкогольдік ішімдіктер мен есірткі заттарын пайдалану қауіпсіздігі ең төмен мекемеде ұстау режимінің шарттарын қасақана бұзу болып табылатыны жан-жақты түсіндірілді.