Жақында Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Social project management» орталығының ұйымдастыруымен «Бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан адамдарды әлеуметтендіру» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге Алматы қаласы мансап орталығының, Наурызбай аудандық пробация қызметінің, Алматы қаласы ПД Жергілікті полиция қызметінің, Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы мен ҚАЖД мамандары, сондай-ақ психолог, заңгер, құқықтанушы мамандар қатысып, талқыланған мәселе жайлы өз ойларын ортаға салды. Бас қосуға Заң колледжі, Қаржы-экономикалық колледж студенттері шақырылды.