Алматы қаласындағы 100-ден астам мектеп оқушыларымен кездесу өткізілді

Алматы қаласындағы 100-ден астам мектеп оқушыларымен кездесу өткізілді

ҚР Ішкі Істер Министрінің кәсіптік бағдар беру жұмыстарын өткізу бойынша берілген тапсырмасын жүзеге асыру аясында Қостанай Академиясы бастығының орынбасары әділет полковнигі Бақытжан Садыбеков, аға оқытушы полиция майоры Мадияр Қалқаманұлы және докторант полиция майоры Г.К. Елеусізова, Алматы қаласы ҚАЖД Кадр тобының бастығы  әділет подполковнигі А.А.Жанаманова және аудандық пробация қызметінің басшылары Алматы қаласындағы  барлық саны 104 мектептің оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесуге тартылған оқушылар саны – 6888 оқушыны құрады. 

Кездесу барысында аталған мамандар оқушыларды Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына оқуға түсу шарттарымен таныстырып, оларға құжат қабылдау тәртібі мен оқуға түсу кезеңдері туралы ақпараттар берді.

Сонымен қатар оқушыларға ішкі істер органдарында қызмет өткерудің жеңілдіктері және жауапкершіліктері түсіндіріліп, Қостанай академиясы туралы бейнефильм көрсетілді. Кездесу соңында аталған академияға түсу шарттары жазылған буклеттер таратылды.